Қазақстандық бойжеткен Бахрейнде құрбысының кесірінен құлдықта болған

Бейсенбі, 22 Қыркүйек , 2016 22:32

Жат елде жезөкшелікке жегілген қарағандылық бойжеткен сексуалдық құлдықтан босатылды. 18 жастағы отандасымызды Бахрейн полициясы құтқарған. Енді ол құжаттарын рәсімдеп Қазақстанға ұшып келуді жоспарлап отыр, деп хабарлады КТК арнасы.

бахрейн

Самал есімді бойжеткен осыдан бір ай бұрын Бахрейн астанасы Манамаға өз еркімен барған екен. Оны жақын танысы жұмысқа орналастырамын деп алдап апарып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Тіпті ұшақ билетін де құрбысы сатып алып беріпті. Алайда Бахрейнге барған бетте барлық құжаттарын тартып алып, қонақүйлердің бірінде тәнін сатуға итермелеген. Сондықтан мұндай қорлыққа шыдамаған бойжеткен өзін сексуалдық құлдықтан құтқаруды сұраған болатын. Бүгін бостандық алған бойжеткеннің Қарағандыда 2 жарым жасар ұлы бар екен. Яғни 15 жасында тұрмыс құрған ол күйеуіммен ажырасып кеттім дейді. Самалдың айтуынша Бахрейнде тәнін саудалап жүрген жерлестеріміз көп көрінеді.

“Бахрейнде Қазақстаннан келген қыздар көп. Оларды ұстап отыр. Қонақүйлердің бәрі толған жезөкше. Бәрі нашақор. Өткен аптада дозаны артық қабылдап қойған бір қазақ қызы өліп кетті. Мүмкін өлтіріп тастаған болар”, – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Бір әулеттің жалғыз ұлы бедеу келіншегінің ажырасу туралы ұсынысынан бас тартты

Батыс Қазақстанда ауыр қылмыс жасады деп айыпталған әкімге ашынасы араша түсті

Шымкентте жас жұбайлар өздерінің үйлену тойында апатқа түсіп көз жүмды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар