Қазақстандық боксшылар Сербиядағы жарыста 5 алтын медаль жеңіп алды

Дүйсенбі, 25 Сәуір , 2016 13:22

Сербия астанасында Belgrade Winner атты халықаралық жарыс аяқталды. Мырзағали Айтжанов пен Марат Елеусіновтің жетекшілігіндегі қазақстандық боксшылар бес алтын жүлдемен бірінші жалпыкомандалық орынды иеленді.

1454

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шыққан Біржан Жақыпов жарыстың ақтық кезеңінде шотландиялық спортшы Акил Ахмедті жеңді. Сұлтан Зауырбек (60 келі) АРВ жарысының қатысушысы, Бразилия боксшысы Робсон Консейсаоға мүмкіндік қалдырған жоқ.

Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов (69 келі) Германия боксшысы Аббас Барауды, ал Нұрбол Алтаев (81 келі) – бразилиялық Мичел Боргесті жеңді. 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шыққан Василий Левит Италияның танымал спортшысы, әлемнің екі дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс чемпионы Клементе Руссоны жеңді.

Бұған дейін наурыз айында Данияр Елеусінов пен Василий Левит Финляндиядағы Gee Bee жарысында жеңіске қол жеткізді.

147  5454

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар