Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшы қыз әлем чемпионы атанды (видео)

Қазақстандық Аида Сатыбалдинова бокстан әлем чемпионы атанды. Ол жеңіл салмақ бойынша қарсыластарынан басым түскен.

Қазақстандық боксшы қыз әлем чемпионы атанды (видео)

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жекпе-жек Мексиканың Тихуана қаласында өткен. Отандасымыз Аида Сатыбалдинова мексикалық боксшы Аннет Пабельоға қарсы шықты.

“Әйелдер арасындағы GGG атанып кеткен Аида WBF нұсқасы бойынша белбеуге ие болды.
8 раундтан кейін, төрешілер бір ауыздан Сатыбалдинованы жеңімпаз деп таныған.

Айта кетейік, 20 сәуір күні Сатыбалдинова мексикалық боскшыны тағы да бір мәрте жеңген болатын.

Тағы оқыңыз: 

Головкиннің келесі жекпе-жегіне мықты қарсыластардың тізімі жасалды

Қазақстандық балуан 148 тонналық вагоны бар тепловозды иығымен сүйреп, жаңа рекорд орнатты

Қызылордалық оқушы шахматтан әлем чемпионы атанды

Мен онымен күресуім керек: Америкалық боксшы Головкиннің әлсіз тұсын атады

Талқылау