Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Ислам қарсыласын 6-раундта тізе бүктірді (фото)

Көптен күткен кездесуде Отандасымыз Қанат Ислам қарсыласын тізе бүктіріп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

IMG_9690

Фото: Айтемір Ескенов

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

АҚШ-тың Флорида штатындағы Лейкленд қаласында кәсіпқой бокстан WBA Fedelatin және WBA FideCaribe нұсқалары бойынша Әлем чемпионы Қанат Ислам мен Хуан де Анхель арасындағы бокстың көрсетілімі “Қазақстан” ұлттық арнасында тікелей эфирден көрсетілді.

Ислам қарсыласын алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Бұл қазақстандық боксшының кәсіби рингтегі 21-ші жеңісі. Ал нокаутпен жеңген 18-ші жеңісі.

IMG_9669

“Ассаламағалейкум, қазақ елі! Баршаңызға рахмет! Бауыржан аға, сізге рахмет!Қазақ елі тыныш болсын!” – дейді спортшы.

Естеріңізге сала кетсек, Қанат Ислам 2012 жылдан кәсіпқой бокста болса, колумбиялық Хуан Де Анхель 2008 жылдан бері кәсіпқойлар арасында жекпе-жектер өткізіп келеді. Шаршы алаңдағы 22 кездесуінде ол ең алғашқы жекпе-жегін тең нәтижемен аяқтап, үш кездесуде қарсыластарына есе жіберсе, 18 рет жеңіс тұғырына көтерілген. Екі боксшы да АҚШ-та жаттығады әрі екеуі де “Nelson Lopez Jr” промоутерлігінің боксшылары.

IMG_9553

IMG_9405

IMG_9472

IMG_9612

Кеше екі боксшы кездесу алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Қанат Исламның салмағы 69,8 келі, ал оның қарсыласы колумбиялық Хуан де Анхельдің салмағы 69.3 келі болған еді.


Оқи отырыңыз:

Ұлттық арна Қанат Ислам мен Хуан де Анхель арасындағы тікелей көрсетілімді бастады

Қанат Исламның үздік нокауттары (видео)

Талқылау