Қазақстандық биші АҚШ-та өткен сайыста бас жүлдені алды (видео)

Сәрсенбі, 29 Маусым , 2016 12:10

Қазақстандық биші АҚШ-та өткен халықаралық фестивальде жеңіске жетті.

c914971e-c157-4190-a980-f9d34f292334

Бұл туралы Today.kz хабарлайды.

Қазақстандық биші Алмас Ұрымбаев Американың Орландо штатында өткен ірі халықаралық World of Dance (WOD) фестивалінде жеңіске жетті. Финалда 22 жастағы отандасымыз Sweetface атымен өнер көрсеткен америкалық жігітпен бетпе-бет кездесті. Үш әділқазы мүшесі бірауыздан қазақстандықты жеңімпаз деп таныды.

World of Dance жыл сайын мыңдаған көрермен мен қатысушының басын қосады. Алмас Ұрымбаевтың өзі екінші рет Pappin’ стилінде өнер көрсетіп тұр. WOD ережесі бойынша қатысушылар бетпе-бет кездесіп, кездойсақ әуенге импровизация жасайды.

“Қазақстан мен өзге мемлекеттердегі фестивальде бірнеше рет жеңіске жеткен болатынмын. ТМД бойынша 2010 жылы бірінші орынды алдым. Қазір халықаралық чемпионатта бірінші орын алдым. Бишілер өте мықты. Чемпионат олимпиадалық жүйеге сәйкес өткізілді. Яғни жеңіліс тапқандары бірден сайыстан шығарылды. Көптеген қатысушымен мен бұрын-соңды бақ сынасып көрген болатынмын. Сондықтан бұл жолы барымды салуыма тура келді”,  – дейді Алмас Ұрымбаев.

Қазақстандық 6 сыныптан бері бимен айналысып келеді екен. Дәл қазір оған Pappin’ стилінің негізін салушылар ұстаздық етуде.

“Бұл стильге сәйкес бұлшық еттерді жылдам қимылмен жиырып алып отыруымыз керек. Құдды брейк биіндегідей немесе робот секілді. Pappin’ стиліндегі биді өз ісінің шеберлерінен үйрендім. Дәл қазір оның негізін салғандардың жасы 70-тен асып кетті. Бірақ олар әлі де керемет билейді! Мысалы, сәуір мен мамыр айларында мен арнайы Лос-Анджелеске барып, Майкл Джексонның ұстаздарынан сабақ алдым. Айтпақшы, Майкл Джексонның кей қимылдары аталған стильге тән”, – дейді қазақстандық.

Мұнымен қатар, Алмас шетелдегі сайыстарда үнемі Қазақстан туралы айтып жүретінін жеткізді. Ол Отанында талантты жандардың көп екеніне сенімді.

“Алдыма жеңіске жету деген мақсат қоймадым, бар болғаны қалай да Қазақстанның атын шығарғым келді. Сайыстарда мен үнемі қазақстандық екенімді, біздің елімізде талантты жастардың көп екенін айтып отырамын”, – дейді ол.

Дәл қазір азамат International street dance session турниріне дайындалып жатыр. Астанада шілде айында өтетін бұл байқаудың жеңімпазына 1 млн теңге берілмек.

Бір қызығы, Алмас сахнаға осы күнге дейін лақап атпен шығып көрмеген екен. Десе де, ол өзін көптеген диктордың “Капитан Алмас” деп атайтынын айтады.


Жіберіп алмаңыз:

9 жасында аяғын кестіріп протез жасатқан қыз балет бишісі атанды (фото)

Ресейде ІТ компания көңіл көтеретін биші қызды жұмысқа алды

Әдеттегі қағиданы бұзған толық денелі балет бишісі (фото, видео)

Қырғызстандық бишілер жұртты таңқалдырды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар