Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әдеттегі қағиданы бұзған толық денелі балет бишісі (фото, видео)

30 жастағы Фростина Шейк Техас Штатындағы Остинде әрі вижазист, әрі биші, әрі модель болып қызмет етеді. Солтүстік Техас университетін “киім дизайнері” мамандығы бойынша тәмамдаған қыз, кішкентай кезінен бастап классикалық балетке де қызыққан. Тіпті бұл өнерді кәсіби түрде де меңгерген.

1111111

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

5555555555555

8888888

“Мен классикалық балет сабағына 6-7 жасымнан бастап қатыстым. Міне, содан бері 17 жасыма дейін үзбей айналыстым”, – дейді ол.

77777777777

Ол есейгеннен кейін балетті тастайды. “Мен бапкерімнің қойған талаптарына сай келмедім. Бір жағынан өзім де онша қаламадым”, – дейді Фростина.

4444444444

999999

Сосын ол әртүрлі билерді зерттеп, өзінің дене бітіміне лайықтысын іздей бастайды. Ақыры бурлескке тоқтаған қыз, бұл би өнер, би, сән барлығын біріктіре алды дейді.

66666666

6555555

Бірақ, бидің бұл түрінде де ол балет әрекеттерін қайталап қоя береді екен. Балеттің қимылдары адамға сенімділік ұялатып, күш береді дейді биші.

 

 

Талқылау