Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық банктер ипотекалық несие беруді тоқтатты

Қазақстандық бірнеше банк бірден ипотекалық несиелеуді тоқтатты. Ұлттық валютаның тұрақсыздығы мен оның жылжымайтын мүлік нарығына енгізген өзгерісі осындай шара қолдануға алып келген. Жаппай тұрғын үйге несие беруді тоқтатқан банктердің ішінде – “Банк ЦентрКредит”, “Forte”, “Сбербанк”, “ВТБ” және “Казкоммерцбанк” мекемелері бар.

7b07e9c9c62a474337ff71966dcc3b17

Сурет plusworld.ru сайтынан алынды

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Нарықтың бірнеше қатысушылары жағдай реттелгеннен кейін барып несиелеу жүйесін жаңалайтындарын мәлімдеді. Сарапшылар, жуырда Қазақстанда ипотека тек жоғарғы шенді адамдарға ғана мүмкін болатын жүйеге айналады деп санайды.

“Ипотек жүйесі қайта қарастырылуда” – деп жазылған банктердің сайтында. Мұндай мәлімдеме базалық мөлшерлеме көтерілгеннен кейін бірден пайда болған. Енді Ұлттық банк қаржы ұйымдарына жылдың 17 пайыздық мөлшерлемемен ақша бермек. Банкирлер теңгенің өтімділігі төмендеуі себепті, он немесе одан да көп жылға несие беру тиімсіз деп санайды.

“Ұлттық банк наурыз айында есеп мөлшерлемесін қайта қарап, ыңғайлы жағдайлар жасайды деп сенеміз. Егер, өтімді қызмет ұсынылып жатса, біз бұл жүйенің нарыққа қайта оралуына мүдделі боламыз”, – деді “ВТБ Банк (Қазақстан)” АҚ басқарушысы Дмитрий Забелло.

Бірақ, мұндай белсенді көзқарасты барлық банктерден кездестіру қиын. “Казкоммерцбанк” жаппай ипотекалық несие ұсынуды әзір жоспарламайтынын айтты. Қазір тұрғын үй заемдары тек ірі корпоративтік қаржылық ұйымдардың тұтынушылары үшін ғана қолжетімді. Ал өзге адамдар тек кепілдікті бакн балансына өткізу арқылы ғана, тұрғын үй алу бәсекелестігіне қатыса алады.

Қазірге дейін бес бірдей банк ипотекалық несие жүйесін тоқтатты. Бұлар – “Банк ЦентрКредит”, “Forte”, “Сбербанк”, “ВТБ” және “Казком”. Бұған себеп ретінде сарапшылар бірнеше нұсқа айтады. Оның бірі – күніне қырық құбылатын жылжымайтын мүлік нарығы. Ертең тұрғын үй бағасы қаншаға өсіп немесе қаншаға құлдырайтыны белгісіз. Егер пәтер құны арзандаса, борышкерлерге банк алдындағы қарызын өтеу арзанға түседі. Ал банктердің активтерін ескі бағамен сатуы тиімділік әкелмейді.

“Өте көп тәуекелдер, өте қымбат ақшалар және болжап болмайтын оқиғалар. Сондықтан да ипотек тек жоғарғы лауазымды адамдар үшін ғана қолайлы болып қалады”, – дейді банк секторының сарапшысы Ботагөз Жұманова.

Банктер ақшаны ұзақ мерзімге алған кезде ғана, жағдай реттелуі мүмкін.

Талқылау