Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балалардың дарындылығы бойынша әлемде нешінші орында екені анықталды

Қазақстандық балалардың дарындылық бойынша әлемде нешінші орында тұрғаны белгілі болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

5555555555

Қазақстандық балалар таланттылық деңгейі бойынша әлемнің 100 елінің арасында 12-орынға жайғасқан. Бұл туралы ҚР мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова хабардар етті.

“1200-ден астам бала осы жылы халықаралық деңгейде жүлделі орындардан көрінген. Жалпы біздің елдің балалары дарындылығы бойынша 100 елдің ішінде 12-орында тұр. Ал 20 жыл бұрын біздің балалар 50-орында тұрақтаған еді. Біз мемлекет ретінде үздік 30 елдің арасына кірсек деген мақсат қойып отырмыз, ал балалар біздің, ересектердің алдын орап кетті”, – деді мемлекеттік хатшы.

20161121111351

Мемлекеттік хатшы бұл деректерді Астанада еліміздің әр өңірінен келген 336 жастың алдында айтты. Олар елордаға ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған балалар форумына қатысу үшін келген болатын.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да ер адам сабақтан қайтқан 6 жасар қызды ауыл шетіне алып кеткен

Қазақстандықтар желтоқсан айындағы мейрамдарда қалай демалады

Маңғыстау облысында 13 жастағы қыз өгей әкесінен жүкті болып қалды

Адамның гей немесе педофил болуының себебі неде?

Талқылау