Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел «Тұлпар-Тальго» пойызында өзін жолсеріктер зорлап кеткені туралы сұмдықты жайып салды

Қазақстандық әйел «Тұлпар-Тальго» пойызында өзін жолсеріктер зорлап кеткені туралы жайып салып, пойызда болған сұмдықты «Не Молчи» қорының өкіліне айтып берген, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық әйел «Тұлпар-Тальго» пойызында өзін жолсеріктер зорлап кеткені туралы сұмдықты жайып салды

Дина Смайылованың сөзінше, аталған қорға келген әйел өзін жолсеріктер зорлап кеткені туралы айтқан.

Сексуалдық зорлық көрдім деген әйелдің сөзінше, сол күні ол ғылыми конференциядан үйіне қайту үшін «Тұлпар-Тальго» пойызына отырған.

Әйел өз купесіне кіргенде, ол жерде жас жігіт отырыпты. Кеш түсіп кеткендіктен, әйел пойыздаға мейрамханаға барып, тамақтанып келген. Ал өз купесіне қайтып келгенде, жас жігіттің жоқ екенін көреді. Оның орнында жолсерік жайғасып, сыра ішіп отырған. Сол кезде әйел одан өз купесінен шығуын талап етіп, жолсерік шығып кеткен. Мұнан кейін әйел купенің есігін іштен жауып алып, қатты ұйықтап қалыпты. Алайда түнгі сағат 4-тердің шамасында сұмдық жайт орын алған.

«Ол оянған кезде, сол жолсеріктің үстіне жатып алып,  өзін зорлағалы жатқанын көрген. Жолсерік өзінің қызметтік кілтін пайдаланып купеге кіріп алған екен. Қатты шошыған әйел есігі шығып, қарсыласа бастаған. Алайда оның демалып, қозғалып, айқайлауға да шамасы жетпеген. … Мұнан кейін жолсерік өзінің арсыз әрекетін атқарып болып, есікті жауып, шығып кетіпті», – деп жазады Дина Смайылова Facebook желісінде.

Әйелдің сөзінше, мұнан кейін тағы бір жолсерік келіп, оның психологиялық зақым алған жағдайын пайдаланып, арам ойын іске асырыпты.

Дина Смайылованың айтуынша, оқиғадан кейін әйел полицияға шағымданған. Қазіргі уақытта ол қатты күзеліске түскен.

Ал әйелге сексуалдық зорлық көрсеткен жолсеріктерден жауап алыныпты. Олардың бірі жыныстық қатынас екі жақты келісім бойынша болғанын айтса, екіншісі зорлау фактісін мүлде жоққа шығарып отыр.

Sputnik Қазақстан мәліметінше, аталған оқиғаға қатысты пікір білдірген «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілі қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтқан.

«Пойыз жолаушысының шағымына қатысты аталған факті бойынша қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр. Өз кезегінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ тергеуге жан-жақты көмек көрсетуде. Жолсеріктер сол күні-ақ тергеу аяқталғанша жұмыстан шеттетілді», – дейді АҚ-дағылар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау