Қазақстандық ауыр атлет Денис Уланов Азия чемпионы атанды (видео)
Ауыр атлетикадан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында Денис Уланов 85 килограмм салмақ категориясында алтын медаль алды.

Сурет: wfrk.kz
Бұл туралы Азаттық хабарлайды.
Ол серпе көтеруде 168 килограмды, жұлқа көтеруде 205 килограмды көтерді. Улановтың қоссайыстағы нәтижесі 373 килограмм болды.
Күміс жүлдені 356 келі (158+198) көтерген ирандық Муса Вижарахи, қола медальды 355 келі (165+190) көрсеткішке жеткен қытайлық Сю Ин алды.
29 сәуірде Ташкенттегі Азия чемпионатында 94 килограмда Владимир Седов жарысқа шығады.
Биылғы Азия біріншілігіне Қазақстаннан тек Денис Уланов пен Владимир Седов қатысып жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін