Атыраулық студент дзюдодан АҚШ чемпионы атанды

Бейсенбі, 28 Сәуір , 2016 18:26

 Жақында АҚШ-тың Техас штатына қарасты  Ирвинг қаласында дзюдодан ұлттық чемпионат болып өтті. Онда  АҚШ-тың  мектеп оқушылары мен студенттері қатысқан еді.

дзюдо

Бұл туралы  atpress.kz басылымы жазған.

17 мен 20 жас аралығында, 55 келі салмақта  Солтүстік Америка Университетінің атынан  Қазақ-түрік лицейін  Атырауда бітірген Талғат Егізбаев қатысқан еді. АҚШ-тың барлық штатынан жиналған командалар арасында жерлесіміз бес кездесу өткізді. Оның төртеуін ұпай саны артып жеңді. Бесінші қарсыласын  уақытына жетпей жеңіп алған. Ол өз сөзінде  Атыраудағы бапкері Жандос Қияновқа алғысы шексіз екенін жеткізген. Талғат дзюдоны бастаған кезде Қияновтың тәрбиесінде болыпты.

«Мен университет атынан жарысқа қатысқаныммен жеңісімді Қазақстанға арнаймын. Марапаттау кезінде Қазақстанның туын өзіммен ала шықтым»,-деп жазады Талғат Егізбаев.

 Айтакетер жайт, талғат Атырауда қалалық, облыстық жарыстарда жақсы орындар алып жүрген. АҚШ-тағы жарысқа ол сабағымен қатар жаттығу залына барып жүріп қатысқан. Бұл қиындықтарға қарамастан ол бес қарсыласын да жайратып салған. Талғат жеңіске қол жеткізуіне мүмкіндік берген ата-анасына, бапкерлеріне, мұғалімдеріне алғыс айтуда.

Талғат Егізбаевтың есімі халықаралық дәрежеде тек спорт саласында ғана танымал емес. Ол 11-сынып оқып жүрген кезде 2014 жылы  Бразилияның Нова Гамбург қаласында өткен  олимпиадада  MOSTRATEC  бойынша 2-ші орынды иеленген еді.   Оның ғылыми жұмысы «Мерседес-Бенц» сауда белгісінің концерні  жайлы болған. Сол кезде осы олимпиадада 28 елдің ең таңдаулы оқушылары жарыста бағын сынаған еді. 1200 оқушы 488 жұмыс алып барған.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар