Қазақстандық ауыр атлет Лондон Олимпиадасының қола жүлдесіне ие болды
Қазақстандық ауыр атлет Анна Нұрмұхамбетова Лондондағы 2012 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.
Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің сайты хабарлайды.
2012 жылғы Олимпиадада Нұрмұхамбетова 69 келі салмақ дәрежесіне дейін өнер көрсетіп, 5-орынға ие болды. Бүгін ХОК 3-ші және 4-ші орын алған екі белоруссиялық штангашы – Марина Шкерманкова мен Дина Сазоновец допинг сынаманың оң нәтижесіне байланысты шеттетті. Осылайша қола медаль қазақстандық спортшыға бұйырды.
Осыған дейін қарсыластарының допинг пайдаланғаны үшін қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова 2008 жылғы Олимпиаданың қола медаліне ие болды.
Жіберіп алмаңыз:
Чиншанло, Подобедова мен Манеза Олимпиада медалінен айырылды
Дініміз бойынша спираль салдыру дұрыс па
Талқылау