Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ару Оңтүстік Кореяда өткен байқаудың І вице-мисі атанды (фото)

16-26 қараша аралығында Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында өткен «World Beauty Queen» халықаралық сән байқауында қазақстандық модель және актриса Зарина Тотаева бірінші вие-мисс атанды, деп хабарлайды Қазақпарат ХАА.

20161128110845

Байқауда 30 елдің аруы бақ сынасты.

Бас жүлдені  болгариялық ару, екінші орынды қазақстандық Зарина, үшінші орынды Тайландқа жақын Так аралының сұлуы иеленді.  Зарина Тотаева 1-Вице-Мисс атағымен қатар, «Бикини Топ бестігіне» енген. Бұл Заринаның қатысып отырған 5-сұлулық байқауы. Ол өткен аптада Нью-Йоркте өткен сән апталығына қатысқан. Онда 26 дизайнердің туындысы таныстырылды. Сондай-ақ, KFW-2016 қорытындысы бойынша «Үздік модель» атағына да ие болған.

20161128110853

«Байқаудан мен ұмытылмас тәжірибе жинадым. 10 күн бойы біз Сеулдің атақты Гангнам ауданындағы 5 жұлдызды қонақ үйде болдық. Сол күн аралығында біз қыздармен достасып кеттік, соңында қимай қоштастық. Байқау бағдарламасы өте қызықты болды. Біздерге қаланы көрсетті, корей асханасымен таныстырды, түрлі фотосессиялар өтті. Финал бірнеше кезеңге бөлінді. Онда ұлттық киімде, суда жүзу киімінде, кешкі салтанатты киімде өзіңді көрсету қажет болды. Содан кейін, «Топ-12», «Топ-5» үздіктері іріктелді. Мұндай байқуға 5-ші рет қатысып отырсам да, ақтық сында қатты толқыдым. Елімнің намысын қорғап отырғандықтан, барлығының жақсы болғанын қаладым. 1-ші вице-мисс атағын бергеніне қуаныштымын. Финалда болгариялық қыз екеуміз ғана қалғанда толқығанымды білсеңіз. Бір-біріміздің қолымыздан ұстап алдық, екеуміздің біреуіміз мисс болатынымыз анықталып жатыр… Оның жеңімпаз атанғанына қуандым. Ол қыз шынымен де соған лайық», -деді Зарина.

«Мен Қазақстанды сүйемін. Ары қарай да елімді халықаралық сахналарда таныта беретін боламын. Байқауды ұйымдастырған Джун Хун-Джун мырзаға және маған қолдау танытқан Эльмира Сейдазимоваға алғыс айтамын», – дейді Зарина.

Жіберіп алмаңыз:

“Мисс Қазақстан” байқауының қатысушылары: еліміздің ең сұлуы аруы атағына кім лайық (фото)

Егер пластикалық операция жасатпаса Майкл Джексонның түрі қандай болушы еді? (фото)

Төреғалидің ішімдік ішіп отырған суреті көпшіліктің ашуын туғызды

Балалы бола алмаған 105 жастағы үнді әйелі ағаштардың анасы атанған (фото)

Талқылау