Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әртістер павлодарлық әкімдікке қарыздар болып қалды

Қазақстандық артистер павлодарлық әкімдікке қарыздар болып қалды. Әншілердің концертін ұйымдастырушылар таяу күндері болатын концерт жарқағаздарын тыйым салынған жерлерге жапсырып, оларға айыппұл салынды.

28939

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Заң бойынша аялдамалар, бағаналар, дуалдар мен тұрғын үйлердің алдына жарқағаз бен хабарлама жапсыруға тыйым салынған. Алайда ұйымдастырушылар осы тәртіпті жиі бұзады. Тексеру барысында 15-тен астам концерт, цирк, семинар және бизнес-тренинг ұйымдастырушыларына айыппұл салынды. Олардың қатарында әншілер Айқын, Жанболат пен Жазираның гастрөлдік концертін ұйымдастырушылар да бар. Енді олардың әрқайсысы жергілікті бюджетке 40 мың теңгеден астам айыппұл төлеуі тиіс. Егер бұл айыппұл оларға сабақ болмаса, шенеуніктер салынар айыппұл мөлшерінің бұдан да жоғары болатынын уәде етуде.

«Біз санаған жарқағаздардың ең көбі жақында ғана келіп-кеткен Айқынға, Нұрқуат, сол сынды бизнес-тренингтерге тиесілі. Біз ол жерден де қаланың тыйым салынған орындарына жапсырылған 300-ге жуық жарқағаздарды санадық», – дейді Павлодар қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің заңгері Жангелді Шалғымбаев.

Талқылау