Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшы Америкада әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Әбдіқабыл Қалдаров АҚШ-та әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

АҚШ-та жаттығып, өмір сүретін Әбдіқабыл Қалдаров белгілі UFC жауынгері Юрайя Фейбер ашқан Urijah Faber's A1 Combat тұжырымында өнер көрсетеді. Спортшы 29 наурыз күні өтетін Urijah Faber's A1 Combat 19 турнирінде жеңілмеген америкалық Эрни Хуареске (7-0) қарсы жұдырықтасады. Жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын жауынгерлер осы салмақтың чемпиондық атағын сарапқа салып, әлем чемпионы белбеуі үшін төбелеседі. Турнир АҚШ-тың Калифорния штатындағы Уитленд қаласында өтеді. 

Айта кетейік, Әбдіқабыл Қалдаров шаршы алаңда 8 жекпе-жек өткізіп, 5 рет жеңіске жетсе, 3 рет қарсыластарына есе жіберген. Ол Urijah Faber's A1 Combat тұжырымында 4 кездесу өткізіп, үшеуінде жеңіске жеткен болатын.  

Талқылау