Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы шашы ең ұзын 7 бойжеткен (фото)

Кез келген бойжеткеннің басты көркі – шаш. Себебі, айналасындағылар қыз баланың шашына қарап ол туралы көп мәлімет алады. Мұны психолог мамандар да растайды. Мысалы, шашы ұзын әрі жылтыр келетін қыздар көшбасшы болғанды ұнатады. Шашы қысқа, оны үнемі буып немесе түйіп жүретін қыздар жұрт назарына ілікпеуді жөн көреді. Ал өміріне түбегейлі өзгеріс енгізгісі келген қыздар шаштарының түсін жиі өзгертеді. Осы секілді шаш пен мінездің байланысы көп. Бүгін Stan.kz Қазақстандағы шашы ең ұзын қыздар туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

эх

“Сұлулық – сұмдық қару”. Бұл мәтел, ең алдымен, нәзік жандылар жаратылысына қатысты айтылған. Ал, қолаң шаш – сол сұлулықтың негізі, қыз-бойжеткендердің көркін еселей түсетін құндылықтарының бірі. Алайда, бұрынғы заманмен салыстырғанда, бүгінгі қыз-келіншектеріміздің шаштарының ұзындығы әлдеқайда қысқарған. Десе де, “қолаң шашты ару” атанып, сұлулықтарын айқындай түскен бойжеткендеріміз жоқ емес. Stan.kz Қазақстандағы шашы ең ұзын 7 бойжеткенді анықтады.

Білесіз бе? Әлемдегі ең ұзын шаштың иесі әйел заты емес, ер адам екен. Ол – Вьетнам тұрғыны Тран Ван Хай. Қарияның шашының ұзындығы – 6 метр. Бұл қария шашын соңғы рет 31 жасында қысқартқан екен. Шашы күнделікті тұрмыста өзіне кедергі жасамауы үшін оны төбесіне түйіп қояды. Алайда, біздің ұзын шашты еркелеріміз керісінше шаштарын жайып, сұлулықтарымен мақтанғанды ұнатады.

исабергенова акмоншак

14726468_328999527466763_6355742026809475072_n

иса

Фото: instagram.com/mrs.issabergenova/

2015 жылы тұрмысқа шыққан Ақмоншақ Исабергенованың шашының ұзындығы мен қалыңдығы көздің жауын алады. Ең бастысы, бойжеткен өз сұлулығын көрсете біледі. Мерекелік отырыстарға барған сайын түрлі өрімді байқап көреді екен. Мұнымен қатар, шашына күн сайын ерекше күтім жасайтыны байқалады.

13525335_643314329164359_1938377039_n

акын аяулым

Фото: instagram.com/ayaukazhan/

Өзін Аяулым Ақын деп таныстырған бойжеткен жасы кіші болса да, қазақтың салт-дәстүрлерін берік ұстанатындығын байқатты. Бойжеткен қазақы шаш үлгісімен заманауи стилдегі киімдерді өзара үйлестіргенді ұнатады. Осы күнге дейін шашына химиялық бояу тигізіп көрмеген екен.

елнурнургожаева

Фото: instagram.com/elnurnurgozhaeva/

Сұлулығымен жұртты тамсандарған Елнұр Нұрғожаева – “Айгүл” ансамблінің беделді мүшесі. Қазақы қылығымен еліктіре түсетін бойжеткен ұзын шашпен жүргенді ұнатады. Өзі гитарада ойнайды.

сапарова балнур

сапарова

Фото: instagram.com/saparova_ba/

Көне мен бүгінгіні өзара үйлестіре білген бойжеткендердің қатарында Балнұр Сапарова да бар. Суреттерінен бойжеткеннің үнемі шашын жайып жүргенді ұнататындығын байқауға болады. Осы орайда, шашына ерекше күтім жасайтыны байқалады. Себебі, қалың да қайратты бұрымынан ұшталған шашты көру мүмкін емес.

омирбековамадина

14712270_1802831886630708_2728787079008878592_n

Фото: instagram.com/omirbekmadina/

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Мәдина Өмірбекова да өз сұлулығын ұтымды “пайдалана” білетін жандардың қатарынан. Атыраулық бойжеткен өзін актерлік қырынан сынап жүр екен. Осы орайда, оған ұзын бұрымының көп пайдасы тиері сөзсіз.

камысбаева айсауле

Фото: instagram.com/kamisbaevaa/

“Ақылына көркі сай” деген мәтел Айсәуле Қамысбаеваға қаратып айтылса керек. Бойжеткен дәл қазір Ақтөбе қаласындағы ЖОО-лардың бірінде физика-математика факультетінде білім алып жатыр. Биыл бірінші курсқа барған ол ұзын бұрымымен жұрттың ыстық ықыласына бөленгісі келетіндігін жасырмайды.

нурбанукауазова

нурбану

Фото: instagram.com/nurbanukauazova/

Нұрбану Кәуазованы жұрт жақсы таниды. Себебі, осы күнге дейін ол туралы түрлі басылымда мақала жазылған-ды. Бойжеткен шашы ұзын әрі қалың болған соң, мойны мен басының жиі ауыратынын жасырмайды. Нұрбану қобыз аспабын жетік меңгерген. Осы орайда, оның сахналық образын толықтыра түсуге ұзын шашы көмектеседі.

Қыз баласының сұлулығы шашында. Кез келген арудың шашына қарап оның өзін қалай жақсы көретінін анықтауға болады. Себебі, өзін сүйетін бойжеткен өзіне ерекше күтім жасап, сұлулығын айқындай түседі. Ал өзін сүйе білетін жанның өзгені де сыйлап, сүйе білетіні анық. Құрметті оқырмандарымыз, ал сізге шаштың қандай болғаны ұнайды? Сіздің де шашыңыз ұзын ба?


Жіберіп алмаңыз:

Шашы ең ұзын келіншек шаштаразға тұрмысқа шықты (фото, видео)

Әнші Жазира шашы ұзын қыздар арасында байқау ұйымдастырды (фото)

12 жастағы бразилиялық қыз ұзын шашын сатпақ (фото)

Қарақаттың тыңдарманы естелік үшін оның бір уыс шашын жұлып алған

Талқылау