12 жастағы бразилиялық қыз ұзын шашын сатпақ (фото)

Сейсенбі, 15 Наурыз , 2016 13:22

12 жастағы бразилиялық Наташа Мораевс де Андраде өмірінде алғаш рет шаштаразға баруға шешім қабылдап отыр. Бүгінде оның шашының ұзындығы 1 метр 57 сантиметр. Ұзын шашынан айырылуға оның отбасылық жағдайы себеп болып отыр. Оның отбасы үйлерін жөндеуге ақша жеткізе алмай отыр: Ал Наташа шашын сатса 5,5 мың долларға дейін табыс таба алады.

Rapuncel-Brazilii-5

Бұл туралы liveinet.com сайты хабарлайды.

Қазір қыздың шашын жууы үшін аптасына төрт сағат уақыт пен бір құты шампунь кетеді. Шашты тараудың өзіне бір жарым сағатын жұмсауға мәжбүр.

Жыл сайын шаш күтімі мен шампунға 600 доллардан астам қаржы кетеді екен. Бұл аз қамтылған отбасы үшін өте үлкен қаражат.

Қыздың шашын қидыруға оның анасы үгіттеген. Ол мектепке барған кезінде қиналып, шашын жинап алып қолына ұстап жүретін болған.

Rapuncel-Brazilii-6

Наташаның отбасы Рио-де-Жанейродағы кедей ауданда тұрады. Оны жергілікті балалар да ұзын шашын келеке етіп мазақтайды.

Көшедегі адамдар оны жиі суретке түсіріп алып жатады, тіпті біразы шашын қимауға да кеңес береді.

“Мен өзімнің шаштарымды жақсы көремін. Оны қидыруға қимаймын”, – дейді Наташа.

Ол шашын 5,5 мың долларға сатып, түскен ақшаны отбасына жұмсамақ. Бір жағынан ол енді емін-еркін жағажайға да бара алатын болдым дейді. Себебі, бұған дейін ұзын әрі қалың шаштары күн сәулесінен зардап шегетін.

Rapuncel-Brazilii-3 Rapuncel-Brazilii-4

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар