Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы қатты аяздың себебі белгілі болды

Ресейдің дүниежүзілік жабайы табиғат қоры “Климат пен энергетика” бағдарламасының директоры Алексей Кокорин Қазақстандағы суық ауа-райының себебін түсіндірді.

Бұл туралы ресейлік сарапшы Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, Қазақстандағы қатты аязға климаттың жаһандық өзгеруі себеп болды.
“Жаһандық жылыну голливудтық фильмдердегідей жантүршігерлік құбылыс емес, бірақ оның әсерін қазір де сезініп жүрміз”, –  дейді ол.

“Біздің үнемі қозғалыстағы атмосферамыз құбылып тұрады. Бұл құбылулар біртіндеп жиілеп, біресе суық ауа ағынын, біресе жылы ауа ағынын алып келеді, сондықтан бір жерде шөл, бір жерде су тасқыны болады. Сол себепті өте ауқымды климат өзгерісіне дайын болуымыз қажет”, — дейді Кокорин.

Тағы оқыңыз:

Nokia қатерлі ісікті болжайтын білезік әзірлеп жатыр

Сауд Арабиясының тұрғындары түйелерге ботокс жасатқан

Автокөлік қағып кеткен әйел орнынан тұрып кетіп қалды (видео)

Жантүршігерлік өлім: Студент көрші қызды өлтіріп зорлап, соңынан өзіне қол салды

Талқылау