Қазақстанда жол ережесін бұзып айыппұл төлемейтіндер айлығын ала алмайтын болды

Жұма, 23 Қыркүйек , 2016 22:14

Елімізде жол ережесін бұзып, айыппұл төлеуден жалтаратындар банк картасын да қолдана алмайтын болды, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

zarplata

Өйткені, Ішкі істер министрлігі жауапсыз жүргізушілердің есеп шотын жауып тастамақшы. Сөйтіп, қарызын төлемей қашып жүргендердің банк картасы бұғатталып, оған түскен айлығын да ала алмайды. Тек, айыппұлын өтеген соң карта бұғаттан шығарылмақ. Жалпы өтелмеген қарыз, төленбеген салық және айыппұл болса, шетелге шығуға да тыйым салынған. Ішкі істер министрлігі берешегі барларға қатысты заңды бекер күшейтіп жатқан жоқ. Өйткені бір ғана Астанада жол ережесін бұзғандарға салынған айыппұлдың көлемі 800 миллион теңгеден асқан. Оны да қайтару қиямет-қайым боп тұр.

-“Жол ережесін бұзған адам жұмыс орнын жасыратыны белгілі. Егер ол айыппұл төлемесе, біз Зейнетақы қоры арқылы оның жұмыс орнын анықтап, басшысына ескертеміз. Егер жалақысының бір бөлігін қарызын төлеуге бөлмесе, іске сот орындаушылары араласады. Олар банк картасын бұғаттайды”, – дейді Астана қалалық ІІД ЖПБ бөлім бастығы Тахир Әбдірахманов.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада алимент төлеуден қашып жүрген әкелер құрылысқа жегілмек

Алматы облысында малын 6 миллион теңгеге сатып үйіне оралмаған ағайынды 3 жігіт табылмай жатыр

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түскен қаңғыбас жындыханаға жабылды

Оқушы бала “президентке хабарласып” полицейлерді қорқыта жаздады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар