Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қаншаға өседі

Қазақстан Парламенті әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша түзетулерді қарастыруда, соған сәйкес 1 шілдеден бастап зейнетақы мен бала туғанда берілетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі артады.

1433767549_money1_etoday

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Зейнетақы мен бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемін арттыру үшін биылғы бюджетте 81,6 миллиард теңге қарастырылған. Өсім 2 миллионнан астам зейнеткерді қамтиды.

Зейнетақы мөлшері 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға көбейеді. Ең төменгі зейнетақы (базалық зейнетақыны есепке алғанда) 45 711 теңге. Бұл көрсеткіш 2016 жылы – 37 789 теңге болған. Орташа зейнетақы көлемі (базалық зейнетақыны есепке алғанда) 66 676 теңге. Бұл көрсеткіш 2016 жылы 55 117 теңге болған.

Бала туғанда берілетін бір реттік мемлекеттік жәрдемақы биылғы қаңтар айынан бастап 7 пайызға артты. 1-ші, 2-ші және 3-ші бала туғанда 86 222 (2016 жылы – 66 621), 4-ші бала туғанда 142 947 теңге болады.  (2016жылы – 111 035 теңге).

Оқи отырыңыз:

Арыста аталарынан бастап 500 жылдан бері теміржолда жұмыс істейтін әулет бар

45 жастағы қыз: Ең қиыны әрі қорқыныштысы жалғыз қалу екен

Астана тұрғыны баспанасын бұздырмау үшін Назарбаевтың суреттерін іліп тастады

Өгей ұлын өлтірген әйелдің қылмысты қалай және не мақсатпен жасағаны анықталды

Талқылау