Қазақстанда зейнетақы мен мүгедектікті тағайындау процедурасы жеңілдетілмек

Мүгедектікті және еңбекке қабілеттіліктен айырылу деңгейін белгілеу процедурасы жеңілдетілуі мүмкін. Енді еңбек шарттары да электронды форматқа ауыстырылмақ. Бұл туралы еңбек вице-министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министр үш әлеуметтік қызмет (жасына байланысты зейнетақы тағайындау, базалық зейнетақы төлемдері мен БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы) бойынша құжаттарды қабылдау “бір өтініш” қағидасымен жүзеге асырылатынын айтты.

«Нәтижесінде зейнеткердің барлық төлемдері оның бір банктік есеп-шотына түседі, мемлекеттік кепілдік төлемдер де бір мезетте жіберіледі. Сондай-ақ, әлеуметтік төлемдерді белгілеу бойынша тағы алты мемлекеттік қызмет түрін проактивті етудің механизмдері жасақталып жатыр», – деді Светлана Жақыпова.

Сонымен қатар, мүгедектік пен еңбекке қабілеттіліктен айырылу деңгейін белгілеудің жаңа ережелеріне де тоқталды: «Біз осы саладағы қызметтерді композиттік форматта көрсетуге көшіруді жүзеге асырдық. Егер бұрын мүгедектікті белгілеу, жәрдемақыларды тағайындау және еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алу үшін адам үш ұйымға жүгінген болса, қазір тек бір ұйымға жүгінеді. Келешекте бұл өтініштер электронды түрде е-gov арқылы қабылданатын болады, медициналық-әлеуметтік сараптама өтініш берушінің жеке қатысуынсыз жүзеге асырылады деп жоспарлап отырмыз. Бұл сондай-ақ адами факторды жояды және сыбайлас жемқорлық қатерлерін төмендетеді”.

Оған қоса, жұмыс жасаған бірер айда өз тиімділігін көрсетіп үлгерген Электронды еңбек биржасының базасында барлық өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар (табысы 12 ең төменгі жалақыдан төмен) үшін мемлекеттік кіріс органдарында оңайлатылған тіркелу/рәсімделу механизмі іске қосылуы мүмкін.

Жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің еңбек шарттарын бірыңғай есепке алу жүйесі енгізілетін болады. Электрондық форматқа ауыстырылған еңбек шарттары қағаз түріндегі еңбек кітапшаларынан бас тартуға мүмкіндік береді.

Жүйеде құрылған дерекқор онлайн режимде жаңартылып/толығып отырады. Бұл өз кезегінде әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарды тез анықтап, тиісінше мемлекеттік төлемдерді уақыты тағайындауға мүмкіндік бермек.

Тағы оқыңыз:

Үш баланы өрттен құтқарып қалған семейлік студент жасаған ерлігі  үшін марапатталды

19 жастағы қарағандылық жігіт Қытайда студенттер жатақханасында көз жұмды

Ақтөбеде травматикалық тапаншадан оқ атып, 25 жастағы жігітті жаралаған бұзақыларға іздеу жарияланды

Қазақстандықтар бүгін Көрісу күнін тойлап жатыр

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар