Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда теле және радиоарналар хабар таратуын тоқтатады

Қазақстанда 18 шілдеде теле және радио арналар хабар таратуын уақытша тоқтатады.

Қазақстанда теле және радиоарналар хабар таратуын тоқтатады

Бұл туралы «Қазтелерадио» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«18 шілдеде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша) «Қазтелерадио» АҚ-ның жерсеріктік және эфирлік телерадио хабарларын тарату желісінде теледидар мен радио сигналдардың жойылып кетуіне байланысты, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады», – делінеді хабарламада.

Өз кезегінде «Қазтелерадио» уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау