Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда сұйылтылған газды шығаруға тағы жарты жыл шектеу қойылады

Қазақстанда сұйытылған мұнай газын шығаруға тағы жарты жыл тыйым салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: azh.kz

"Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды – 2711 12 970 0), пропанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды – 2711 12 940 0) және бутанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды – 2711 13 970 0) автомобиль және теміржол көлігімен шығаруға алты ай мерзімге тыйым енгізілсін", – делінген энергетика министрінің бұйрығында.

Тыйым салынбайды:

1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт), не Қазақстан Республикасының президенті бекіткен жер қойнауын пайдалану келісімшарты шеңберінде өндірісті жүзеге асырған жер қойнауын пайдаланушылардың шығаруына;

2) Қарашығанақ кен орнында қазақстандық шикізаттан өндірілген (қайта өңделген) тауарларды Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шығаруға;

3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде басталатын және аяқталатын орны ауыстырылатын транзиттік тасымалдарға.

Бұйрық 14 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Қостанай облысының халқы сұйытылған газ тапшылығына шағымданған еді. 

Жүргізушілер бір аптадан астам уақыт жанармай құя алмай отыр. Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Қостанай облысында сәуір, мамыр және маусым айларына 13 мың тонна газ есептелгенін түсіндірді.

Талқылау