Қазақстанда полицейлер қағаз хаттама толтырмайтын болды (видео)

Дүйсенбі, 15 Мамыр , 2017 16:04

Астанада өткен аптаның бейсенбісінен бері жол полицейлері е-айыппұлдар толтыру жүйесін сынақтан өткізіп жатыр.

епеп

Бұл туралы Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша комитетінің төрағасы Бағдат Мусин Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Бұрын жол-патрулдік полиция өкілдері алдымен қағаз хаттама толтырып, оны кейін электронды базаға теріп енгізіп әуреге түсетін. Енді тәртіп сақшылары мұндай әуре-сарсаңнан құтылатын болды. Комитет құрастырған жүйе бойынша барлық жол сақшылары арнайы планшеттермен жарақтандырылуы тиіс. Сол арқылы көлік жүргізушісінің ЖСН нөмірін теріп, оның айыппұлын базаға жолдап жібере алады.

“Қазір біз қаланы аралап осы жүйені тексеріп жүрміз. Полицейлер бұл жүйеге қатысты ойларын да, ұсыныстарын да білдіріп жатыр. Сол бойынша жүйенің бірқатар функциялары қайта өзгеріске ұшырамақ.

“Егер ереже бұзушы хаттамаға қол қоюдан бас тартса, онда оның мәліметтер базасын ақтарып, құқық бұзушылық фактісін растай аламыз. Негізінде бәрі жақсы жұмыс істеп тұр! Полиция қызметкерлері де, ереже бұзушылар да жаңа жүйеге оң көзқарас танытуда. Және полицейлер үшін ең жақсысы олар көлік жүргізушісінің ЖСН нөмірін теріп жіберу арқылы ол туралы бүкіл мәліметтерді (көлік ұрлау, жол ережесін бұзу, сотталғаны) біле алады”, – дейді Бағдат Мусин.

Болашақта жобаны құрастырушылар планшетті қолдану арқылы техникалық байқау мен сақтандыру полюсін де тексеруді жоспарлап отыр. Ондай жағдайда жүргізуші тек жүргізу куәлігі мен жеке куәлігін ғана ұсына алады. Ал басқа мәліметтерді қызметкер планшет арқылы біліп тұрады.

Оқи отырыңыз:

Баспанасын бұзуға келіспеген Астана тұрғынының үйі мен пәтері бар болып шықты

Қазақстанда өз пәнінен тест тапсырған мектеп мұғалімдерінің 70%-ы төмен балл жинаған

Аянышты тұрмыс: 3 мың отбасы балаларымен қоқыс арасында өмір сүруде (фото)

Ауыр дертке шалдыққан алматылық қыз өзінің еміне жиналған ақшасын өзгеге берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Anonymous says:

    Казак казакша сойлесенши

  • Anonymous says:

    Эйй казактар. Биринши коррупция мен алаякты жоймай турып мына планшетти пайдалануга болмайды. Полицейлердин ишин тазалап алып енгизиндер. Коз апара жала такканнан баска ештене билмейди.

  • Anonymous says:

    а если с правонарушением не согласен . то что будет в этом случае

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар