Қазақстанда мемлекет есебінен үй алатындардың тізімі өзгерді

Сейсенбі, 16 Мамыр , 2017 12:43

Қазақстан елордасында баспанаға зәру адамдар есебіне тіркеу үшін талап етілетін тіркелу мерзімін үш жылдан бес жылға дейін ұзартуды, ал”толық емес отбасы” ұғымына тек жесірлер мен әйелі қайтыс болған ер азаматтарды ғана жатқызу ұсынылуда.

arendnoe-zhilyo_57345dcd980cb

 

“Кезектің ұзаруын тежеуге бағытталған қосымша шектеу шараларын енгізу үшін басқарма тұрғын үй заңнамасына түзетулер енгізуді ұсынады, деп хабарлайды Elorda.info.

Ұсыныстар баспанаға зәру адамдар есебіне тіркеу үшін талап етілетін елордада тұрақты тұру мерзімін үш жылдан бес жылға дейін ұзартуды, әлеуметтік тұрғыдан осал топ категориясына қолданылатын кірісті шектеу талаптарын өзгертуді, ал кезекке тұруға құқық беретін мәртебеге ие болу жолында жасалатын жалған ажырасуларды болдырмау үшін”толық емес отбасы” ұғымын нақтылауды қарастырады. Аталған категорияға жесір әйел мен әйелі қайтыс болған ер азаматтарды ғана жатқызу қажет”, — деді қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметов.

Ахметовтың айтуынша, әкімдік баспана алу кезегінде тұрған азаматтардың тізіміне инвентаризация жүргізіп жатыр. 2016 жылы елордада кезекте тұрғандарға 93 пәтер берілді. Биылғы жылдың сәуір айында тұрғын үй комиссиясының отырысына 260 пәтер ұсынылды. Олар төрт соғыс ардагеріне, 49 жетім балаға, әлеуметтік осал топ категориясына жататын 137 отбасына берілді.

Бұған дейін хабарланғандай, таяуда елорда басшылығы Қазақстанға кірерде баспана алуға ақшалай өтемақы алған репатрианттарды мемлекеттік қор баспанасы кезегінен алып тастауды ұсынған болатын. Сондай-ақ, баспана кезегінен әскери қызметшілерді алып тастау мәселесі де тұр. Олар бөлек тізімге тұрғызылады және несиелеудің жеңілдік шарттары ойластырылады. Осылайша, басқарма мамандары кезекте тұрғандар санын екі есе азайтпақ. Бүгінгі күні 45 516 адам коммуналды тұрғын үй қоры баспанасына зәру.

Тағы да оқыңыз:

Сондерс: Головкин допинг қабылдайды

Бауыржан Момышұлының бұған дейін жарияланбаған даусының таспасы табылды

Араб Әмірлігі бизнесмені елімізге деген құрметпен қазақстандықтардың 50 мың доллар қарызын кешірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Он балалы отбасылардан басқа ешкімге де тегін баспана бермеу керек

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар