Араб Әмірлігі бизнесмені елімізге деген құрметпен қазақстандықтардың 50 мың доллар қарызын кешірді

Сейсенбі, 16 Мамыр , 2017 11:48

Араб Әмірлігінде тұрып жатқан Қазақстан азаматы ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен ҚР-ның Дубайдағы бас консулы Мадияр Меңілбековке бизнестегі қиындықтарын шешіп бергені үшін алғыс айтты.

1375862

Фото: Григорий Сысоев

Қазақстандық әйелдің хатында жазылғандай, олар қызының сырқатына байланысты Дубайға көшуге мәжбүр болған екен. Ол жақта отбасы футкорт ашып көреді, бірақ жергілікті заңды білмегендіктен, бизнес жүргізу қиын болып, “тығырыққа тіреледі”.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов әлеуметтік желідегі парақшасында жазып өткендей, отбасы жалға беругшілерге 180 мың дихрам (шамамен 50 мың доллар) қарыз болып қалған. “…Біздің дипломаттар бұл іске араласқаннан кейін, әуелі соманы екі есе төмендетуге мүмкіндік туды, ал бас консул ғимарат басшысымен кездескеннен соң “біздің елге деген сый-құрмет ретінде” қазақстандықтардың қарызын кешіру туралы келісімшарт жасалды”, — деп хабарлады Жайнақов. Қазақстандық әйел бас консул Мадияр Меңілбековке тығырықтан құтқарғаны үшін алғысын білдірді.

Тағы да оқыңыз:

Димаш Канн фестивалінде ән айтады

Тергеуші мәйіттермен секске түсетін қылмыскерді қалай ұстағанын айтып берді

Құмырсқаларды зерттеген биолог Ислам дінін қабылдады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар