Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда «LEGO» ойыншығының ұлттық аналогы пайда болды

Халықаралық “LEGO” ойыншығының аналогы киіз үй белгісінде Қазақстанның сауда нарығына түсті.

13007186_874167752705362_2996453315893004832_n

Бұл туралы Сырым Әбдірахманов есімді фейсбук қолданушысы өз парақшасында жариялады. “Қазақ легосы #QAZAQBRAND дайын! Бұл істі біз ұзақ жасадық. Балаларға лайықты ойыншық ұсыну идеясы көп уақыт бұрын келген, арманға бүгін қол жетіп отыр”, – деп жазды ол.

Оның сөзінше, құрастырушылар киіз үйді таңдап алу арқылы бұл бала мен ата-ана арасында өзара түсіністікке себеп болады деген ойға сүйеніпті. Өйткені, ойыншықты құрастыру кезінде балаға міндетті түрде үлкендердің көмегі керек болады. Тиісінше, сол процесс кезінде бала да киіз үйдің бөлшектерімен, құрылғыларымен таныса алады. Сондай-ақ, ойыншықтың арнайы құрылымында көшпелі бабаларымыздың баспанасы екені, оның пайда болу тарихы, қазақ ойшылдарының асыл сөздері мен халық мақал-мәтелдері жазылған.

“Киіз үйді жұмыс орнын безендіруші құрал ретінде де, қонаққа, шетелдіктерге апарар сый ретінде де қолдануға болады”, – дейді Сырым Әбдірахманов.

Талқылау