Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда LADA көлігінің төрт моделі шығарылады

Қазақстандағы көлік шығару зауыты LADA-ның төрт моделін шығарады, бұған дейін кәсіпорында тек қана бір модель құрастырылды, деп хабарлады «АвтоВАЗ» ААҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

глонре

Сурет ҚазАқпарат

«Мор мырза (АвтоВАЗ президенті – ред.) Өскеменде алдағы апталарда өндіріп отырған автомобильдердің модельдік әр түрлілігін кеңейтетін «АЗИЯ АВТО» көлік құрастыру зауытының жұмысымен танысып өтті. Енді LADA 4×4 көлігінің топтамасына Granta, Kalina және Priora қосылады», – делінген хабарламада.

Өндіріс жыл сайын 60 мың автомобиль шығарып, бір жылдан соң оны 120 мыңға жеткізбек.

Зауыт өнімдері Ресейдің Сібір және Урал федералды округтеріне, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Моңғолияға тасымалданбақ.

Талқылау