Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда биылғы қыс ерте түседі деп күтілуде

Қазақстанға қыс ерте келеді. Бұл туралы “Қазгидромет” РМК ауа райының ұзақмерзімді болжамдар басқармасының басшысы Гүлмира Ақышева арнайы баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.

20161017122706

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Ұзақмерзімді болжамға сәйкес, елімізде қыс ерте келіп, қарлы болады деп күтілуде. Қараша айының бірінші жартысында еліміздің солтүстік өңірінде қар тұрақты жамылғысы болады, ал оңтүстік өңірлерінде қарашаның екінші жартысында қар жатады”, – деді Ақышева.

Оның сөзіне қарағанда, қараша айында ауа-райы құбылмалы болады, яғни жауын-шашын мен тұман, көктайғақ жағдайлары жиі болады. Атап айтқанда, Қазақстанның басым бөлігінде температуралық режім климаттық норма аясында қалыптасады, ал жауын-шашын нормадан артық түседі деп күтіледі.

“Айтарлықтай суық температураны қарашаның екінші онкүндігінің соңында және үшінші онкүндікте болжап отырмыз. Ол кезде солтүстік, шығыс, орталық өңірлерінде ауаның сынап бағанасы түнде 15-27 градусқа дейін төмендесе, күндіз 8-15 температураны көрсетеді. Ал батыс, оңтүстік аумақтарда түнде 5-12, күндіз 0-5 градус деңгейінде байқалмақ”, – деді ол.

Оқи отырыңыз:

Сотта қырсығып жауап берген Күлекбаев көпшіліктің ашуына тиіп жатыр

Достары жас жұбайлардың неке түні қалай болғанын аңдып, таспаға жазып алған (видео +18)

Жүксалғышта отырған алматылық қыз бен жігіт романтикалық сапар жасады (видео)

Ақтауда екі бірдей үйдің балконынан жаймаларды байлап түскен ұры тұрғындарды аң-таң етті (фото)

Талқылау