Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар: Биыл Қазақстанда доллар 300 теңгеге дейін құлдырайды

Халықаралық валюта қоры позитивті болжамдар жасап отыр. Осы орайда, Қазақстанда доллар 300 теңгеге дейін құлдырауы мүмкін. Кей аналитик бұған Дональд Трамптың өз септігін тигізуі мүмкін екенін айтып отыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.

b60264f2aded7eeeda06c17ca0a

Фото: Kapital.kz

Теңге бірде қымбаттап, бірде құлдырап жатыр. Жуырда мұнай бағасы көтерілуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, Трамп өз сөзінде тұрса, ол міндетті түрде қымбатайды. Ал президенттің өз уәдесін орындап келе жатқанына Халықаралық валюта қоры дәлел.

“Болжамдарға сәйкес, 2017 жылы экономикамыз 2,5%-ға, 2021 жылы 4%-ға өспек. Бұл мұнай қорымен, реформалармен және банктегі несиелермен тікелей байланысты”, – деп мәлімдеді Халықаралық валюта қорының өкілдері.

Әзірге ақша айырбастау орындарында бір доллардың құны – 323 теңге. “Жылдық рет бойынша 60 болмақ. Кейде бір баррельге 65-70 доллар берілуі мүмкін. Brent маркалы мұнайдың бағасы өткен жылға қарағанда, 20-25%-ға өскен. Мұндайда теңгенің құнының өсетіні анық. Біздің ойымызша, биыл бір доллар 300 теңгені құрауы да мүмкін. Бұл тіпті жылдың алғашқы жартысында жүзеге асады деген болжам бар”, – дейді Forex Club аналитика бөлімінің жетекшісі Николай Ивченко.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда қарызға ақша беретін терминал орнатылды

Қазақстанда ең көп және ең аз жалақыны кімдер алады

Қолыңыздағы ақшаның шын немесе жалған екенін айырудың 3 әдісі (фото)

Депутаттар зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алуды ұсынды

Талқылау