Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қарызға ақша беретін терминал орнатылды

Қазақстанда алғаш қарызға ақша беретін автомат орнатылды. Оны Алматы қаласынан таба аласыз.

joKesT5K3ow6RjTj-lg

Бұл туралы Жеңіс Мұхиев есімді азамат өзінің Facebook парақшасына жазды. «Жақында Андрей Гусаковтың айтуымен Алматыда бірден қарыз беретін аппаратты тауып алдым. Барлығы қарапайым, ешқандай қиындығы жоқ. Сомманы таңдайсыз, қарыз қай уақытқа дейін алатыныңды жазасыз. Сосын жеке куәлігіңді сканерлейсің де, саусақ ізі арқылы келісімге қол қоятын болуыңыз керек. Біздің нарық үшін бұл жаңашылдық» дейді әлеуметтік желі қолданушысы. Жеңіс Мұхиев жарты сағатта терминалдан ешкім қарыз алмағанын айтады.

«Сайттың хабарлануыша, терминал ешқандай сауал сұрамастан ақшаны қолма-қол бере салады. Мен бұған сенбедім. Мұның біздің елде қалай жүретінін көреміз. Білуімше, Ресейде кең тараған. Меніңше, уақытылы төленбегендіктен әрі көлемі шектеулі болғандықтан бұл жоба көп ай өтпестен жабылып қалатын секілді», – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

70 жастағы ақсақал кір машинадан қымыз пісетін құрылғы жасады (фото)

Тегіңізді қандай жағдайда ауыстыруға рұқсат етілетінін білесі бе

Астанада байлардың қалыңдығы неке сыйлығына не сұрайды

Талқылау