Қазақстанда декреттік демалысқа қалай шығады және оған қанша ақша төленеді?

Жұма, 16 Қыркүйек , 2016 18:56

Жүкті әйелдердің жұмыс істеу шарты мен аналардың құқығы осы жылдан бастап тағы өзгерді деуге болады. Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек Кодексі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.

269995-1346854170_667-bol_glowy_w_czasie_ciazy_lead

Ал жаңа кодекске сәйкес, 2016 жылғы декреттік демалыс құны өзгерді ме?

Еңбек Кодексінің 99 бабына сәйкес, жүкті әйелдерге, бала босанған әйелдерге, жаңа туған баланы асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты мынадай демалыстар беріледі:

1) жүктілікке және босануға байланысты демалыс;

2) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс;

3) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс.

Сондай-ақ, осы баптың 2-тармағына сәйкес, жүкті әйелдерге жүктілікке байланысты 70 күн, босануына байланысты 56 күн демалыс беріледі. Демалыс күндерінің саны жұмыс ұзақтығына байланысты емес, сол себепті жұмыс берушіге жұмысшының қанша уақыт жұмыс істегені маңызды емес.

Бұдан бөлек декреттегі әйел бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты үйде отыратын болса, жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Алайда, жалақы сақталмайды.

Бала күтімі бойынша  демалыс уақытында жұмыстан айрылып қаламын деп уайымдамауға болады. ҚР Еңбек Кодексінің 59-бабына сәйкес,  жұмыс беруші жұмысшы әйелді жүктілік және босану бойынша демалысқа байланысты жұмыстан шығара алмайды. Бұдан басқа 104-бапқа сәйкес, бала күтіміне байланысты демалыста болған уақыт еңбек өтілі ретінде есептеледі және кезекті төленетін демалыс ретінде есептеуге мүмкіндік береді.

Жәрдемақылар мен төлемдер қалай есептеледі?

1) Бала босанғанда бір рет төленетін мемлекеттік жәрдемақы ( барлық босанған әйелдерге төленеді: жұмыс істейтіндерге де, жұмыс істемейтіндерге де, мемлекеттік бюджеттен төленеді.

Бала туғандағы жәрдемақы мөлшері бекітілген, бірінші, екінші және үшінші балаға   —  30 АЕК (2016 жылғы АЕК көлемі — 2121 теңге) немесе 63,6 мың теңге және төртінші, бесінші, алтыншы балаларға 50 АЕК немесе 106 мың теңгені құрайды.

2) Бала бір жасқа толғанға дейін күтімі бойынша әлеуметтік жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдер үшін) баланың күтімін жүзеге асыратын әйелдер мен ерлерге және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылмайтын тұлғаларға тағайындалады;

Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бала бір жасқа толғанға дейін төленетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері мыналарды құрайды:

бірінші балаға  – 5,5 АЕК;

екінші балаға – 6,5 АЕК;

үшінші балаға – 7,5 АЕК;

төртінші және одан да артық – 8,5 АЕК.

3) Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша әлеуметтік төлем жұмыс істейтін әйелдерге, Қордан әлеуметтік төлемдерді алу құқығы бар әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалады (яғни жұмыс беруші әлеуметтік аударымдарды төлейді).

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу үшін соңғы 2 жылдың табысын (ол әлеуметтік аударымдармен расталады) 24 айға бөліп, 0,4 ке көбейту және 10% зейнетақы жарналарын шегеру қажет.

4) Баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік төлем: мысалы, бала босанғанға дейін әйел 2 жыл жұмыс істейді, бір жыл ішінде оның еңбекақысы бір рет көтерілді. Бірінші жылы әйел 100 000 теңге алса, екінші жылы 150 000 теңге алған. Бұл жерде қолайлылық үшін аталмыш сома барлық қажетті аударымдарды шегерумен алынған ретінде санайық (зейнетақы жарналары, табыс салығы және т.б.). Жалпы жиынтық табысты санаймыз:

12*100 000+12*150 000=1 200 000+1 800 000= 3 000 000 теңге

Алынған соманы 24 айға бөлеміз: 3 000 000/24= 125 000 теңге

125 000 теңге – орташа айлық табыс мөлшері.

Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін есептеу үшін осы көрсеткішті 0,4 коэффициентіне көбейтіп, 10 зейнетақы жарналарын шегеру керек: 125 000*0,4 — 10% = 45 000 теңге. Яғни бала босанған әйел ай сайын 45 мың теңге алады.


Жіберіп алмаңыз:

Желіде жарияланған оқушы қыздың жалаңаш суреттері жұрттың жағасын ұстатты (фото)

Ақтауда зорланған қыздың туыстары қылмыскерге өлім жазасын беру тым жеңіл жаза деп есептейді

Дариға Назарбаева Баян Есентаеваға қолдау білдірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

66
Комментариев
  • Анонимно says:

    Жүкті əйел күйеуінің айлығымен бір жасқа дейінгі əлеуметтік күтім ақшасын алуға болама

    • Anonymous says:

      Менің жұмысым мерзмді жұмыс. Жұмыс стегніме 4 жыл болды. яғни 1 жылдың 9 айы жұмыс ітемін 3ай қысқартуда боламын. Сұрақ маған декреттік демалыс беріле ме? және ақша төлене ма?

    • Anonymous says:

      салеметсіз дер мен бир жыл жұмыс истедим енди декретныйға шығайын деп жатырмын зарплатам 48000тенгеалам сонда декретный канша ала аламын жане отпуск акшасы түсеме

    • Anonymous says:

      Ия

  • Анонимно says:

    Саламатсыз ба егер жумыс жасап декретныйға шығып бала күтіммен уйде отырса одан əрмен тағы екінші балаға жұмысқа шықпай декретныға кетсе жумыс орнына ештене төленбей ма или төлене ма?

  • Анонимно says:

    Кеше мен документ 3 балага дайындаганда маган неге 40 пайыз косылмайды деп айтты онда маган

  • Анонимно says:

    Менин жумыс истегениме 1 жыл 2 ай болды. Айлыгым 50-60 мыннын арасында. Мугалиммин. Канша шыгады декретный?

    • Анонимно says:

      5 айлык акша колеминде

    • Anonymous says:

      250000

    • Anonymous says:

      Менин айлыгым 50 мын айтыныздар мен до родовойды еки жуз отызсегиз мын алдым жумыс истегениме 4 жыл болды енди после родовойды жуз жиырма уш мын алдым ушинши балам бари дурыспа маган аз сиякты,сонда мен ай сайын канша алуым керек 19. Мын аласын деди балага,рахмет

  • Анонимно says:

    Заңда нақты әйелге немесе еріне төленеді демеген жәрдемақылар, бұл мақаланы жазған адам шатастырып отыр бәрін, егер мақала жазғыңыз келсе заңға бір көз жүгіртіңіз құрметті автор

  • Анонимно says:

    Билмейм, мына макала каншалыкты рас екенын.. Айтеуыр меным айелым аягы жукты болып жумыстан декретке шыкканда айына 30 мын тг. Алып турды мемлекет тарабынан бала 1 жаска дейын сосын акша токтады… Ал жумыс жасамайтын кыз бала босанганда тек кана 12 мын тенге толенед деген бала 1 жаска келгенше…

  • Анонимно says:

    Осы егер айел ози жумыс истемесе күйеуинин атынан декретке шыгуга болады дейді сол рас па,және оны қалай истеуге болады

  • Анонимно says:

    декретный акша 1 жасқа дейін емес 2 жасқа дейін ұзартылады ма ,және қашан?

  • Анонимно says:

    Кешириниз, бул жерде жумис истейтин айелдерди мысалга келтирген. Ягни баланы босанам дегенше жумис истеген айелди. Сиздин айелиниз баланы босанам дегенше жумис жасады ма белгили бир жерде?

  • Анонимно says:

    Салеметсізбе менің келіншегім мұғалім біріншімізді босанған кезде до родавой после родавой 158000 мың төленді сосын жөргек ақысы 110000 мың теңге енді ай сайын бірінші балаға 12000 мың төленіп жатыр ал сыз көрсеткенде айел босанғаннан кейін кемі 45000 мың теңге мөлшерінде төленед депсіз енді қайда барып көбейтеміз

    • Анонимно says:

      Ол жерде айлығы бірінші жылда 100000,екінші жылы 150000,орташа айлығы 125000деген емес па? Сол айлық бойынша есептегенде 45000.

      • Анонимно says:

        Арасында больничн. Ақысыз күнге шыққан болса шегеріліп қалады біраз.

    • Анонимно says:

      Кемінде 45 мың тг делінбеген. Ай сайын 45 мың алады егер жалақысы (зарплата) 150 мың болса делінген. Жалақысының 40 проценті төленеді. Сіздің əйеліңіз ай сайын 12 мың алып отыр дейсіз, яғни жалақысы 30 мыңдай болып тұр.

    • Anonymous says:

      салематсызба менин коятын сурагым айлыгым 25 мын 7 ай истедим декретим канша шыгады

      • Anonymous says:

        менин айлыгым 30мын, 7ай жұмыс истедим. қанша шығады декретный. мемлекеттен 40процент қосылып отырама маған бюджетный жұмыста истеймин

    • Anonymous says:

      Салеметсызбе мен казыр декреттегы анамын екыншымды котерп тагы декретте калп отрмын.енды мен тагы декреттык ала аламба.?немесе жолдасымнын атынан декретке шыга аламба

1 2 3 5

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар