Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы қымбаттайды

Қазқстанда дәрі-дәрмек бағасы келесі жылға дейін қымбаттайды. Өйткені, бағаны реттеу туралы заң әлі қабылданбады. Денсаулық сақтау министрлігінің жекеменшік дәріханаларды тексеруге қауқары болмай отыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Energyprom сараптамасы бойынша, Қазақстанда гормондық дәрілер бағасы 22 пайызға қымбаттады. Асқазан ауруына арналған дәрілер де күннен күнге қымбаттауда.

Ләйлә Тастанованың денсаулығы бірнеше жыл бұрын нашарлаған. Содан бері ол жиі дәрі сатып алды, әсіресе, гормондық дәрілер.

Оның айтуынша, баға тұрақсыз. Дәріге кеткен шығындар қалтамызды көтермейді, дейді.

«Гормондық препараттарды бір жарым жыл бұрын 500 теңгеге сатып алсам, қазір 1200-1400 теңгеге аламын. Дәрумендер де қымбаттады. Өзінің құтысындағы мөлшері өте аз. 2-3 айға аламыз. Соның өзінде 30 мың теңге кетеді. Бұл бағалар қалтамды көтермейді», – дейді Ләйлә Тастанова.

Сарапшылардың айтуынша, гормондық дәрілер бағасы 22 пайызға қымбаттаған. Дәрі бұрын 2 мың тұрса, қазір үстіне 500 теңге қосып сатып алады.

Дәріханалардың бірінде ер адамдарға арналған гормондық дәрілер 23 500 теңге тұрса, келесі дүкенде одан бірнеше мың теңге арзан. Яғни әр дәріхана иесі бағаны қалай қойса да өздері біледі. Олар ешкімге тәуелсіз.

Қазір тек мемлекеттік қаржы есебінен сатып алынған дәрі бағалары ғана тексеріледі.

«Заң жобасында абсолютті нарық бағасы көрсетілген. Дәрінің бастапқы бағасынан – 20% артық қосылмау керек. Бөлшек саудада 50% аспауы қажет. Препарат қаншалықты қымбат болса соншалықты аз қосылуы керек», – дейді Ұлттық дәрілік заттарды тексеру орталығы бас директорының орынбасары Арнұр Нұртаев.

Қазақстандағы дәрілердің 90 пайызы шетелден әкелінеді. Яғни оның бағасы да вальюта нарығына тәуелді. Келесі жылы заң шықса дәрі бағасы да тұрақталар еді.

Тағы оқыңыз:

Ақтауда полиция қызметкерінің әрекеті жүргізушілерді тамсандырды (видео)

Алматыдағы арнайы операцияның мән-жайы: Полицей брондалған көлікке 8 оқ атты

Ажалы келген адамның жүзінен қандай белгілер байқалады

Қазақстанда мұғалімдерді билік өкілдерімен теңестіру ұсынылды

Талқылау