Қазақстанда білім саласындағылардың ең төмен жалақы алатыны анықталды

Сәрсенбі, 1 Қараша , 2017 10:15

2017 жылғы үшінші тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 147 988 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 104,8%, ал нақты жалақы индексі 98,0% құрады.

Сурет: rferl.org

Бұл туралы Stan.kz Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 272,8 мың теңге  (орташа республикалық деңгейден 1,8 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 271,1 мың теңге (1,8 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 215,7 мың теңге (1,5 есеге асты), өнеркәсіп саласында – 208,5 мың теңге (1,4 есеге асты), құрылыс саласында – 205,9 мың теңге (1,4 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы білім беру қызметкерлерінде белгіленді – 90,4 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 38,9%-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 275,9 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 98,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 33,7%-ға төмен.

Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша

2017 жылғы 3 тоқсандағы орташа айлық жалақы

3 тоқсандағы орташа айлық жалақы

Ескерту. Халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар ен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз.


Жіберіп алмаңыз:

Қырғызстан бас тартқан $100 миллионның тағдыры не болады?

Елімізде келер жылдан бастап зейнетақы қаншаға өседі

Бұдан былай бензиннің бағасы литріне 161 теңгеден аспайды

Forbes әлемдегі ең бай адамдардың тізімін жариялады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Осы бізді неге ойламайды екен мүнай компаниясының жшс да жұмыс жасаймын айлығым отыз мың бұрғылаушы жшс лалдікіде отыз отыз бес мың шопырлардікі отыз қырық мың барлығымыз жшс да істейміз бізді кім ойлайды екен

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар