Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Forbes әлемдегі ең бай адамдардың тізімін жариялады

Amazon онлайн-ритейлерінің негізін қалаушысы және басшысы Джефф Безос Forbes басылымы құрған әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде көш бастап тұр.

Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Қазіргі таңда Безостың қазынасында 93,1 млрд АҚШ доллары бар. Ол Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстен 3,2 млрд долларға басып озды.

Дәулетті адамдар тізімінде үшінші орынға америкалық инвестор Уоррен Баффет орнықты. Ал төртінші орында 77,9 млрд АҚШ доллары бар Zara брендінің қожайыны Амансио Ортега тұр. Бестікті Facebook-тің негізін қалаған Марк Цукерберг түйіндеді. Оның қазына-мүлкі 73,8 млрд АҚШ долларына тең келді.

Жіберіп алмаңыз:

Мәскеуде құрбандарының денесін бөлшектеп, еттартқыштан өткізген қанішер ұсталды

Мьянмадан қашқан рохинджа босқындарының саны 600 мыңнан асты

Талқылау