Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда банкроттық процедурасы жеңілдетілмек

Қазақстанның Қаржы министрлігі банкроттық процедурасын жеңілдетпек. Алайда депутаттар мұндайдан кейін әлсіз компаниялар ғана емес, бюджеттен миллиардтаған қаржы жоғалуы мүмкін деп отыр. Мәжілісмендердің сөзінше, ұлттық компаниялар өз депозиттерін сол жерде сақтайды және таратылғаннан кейін қаржы мекемелері түксіз қалуы мүмкін, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстанда банкроттық процедурасы жеңілдетілмек

«Көптеген екінші дәрежелі банктер банкротқа ұшырап жатыр. Осы тұста мемлекеттік сыңайлы сектордағы компанияның сол жерде депозитте жатқан ақшасы не болмақ деген сауал туындайды. Бұл мемлекеттің ақшасы ғой. Сондықтан ол ақша мемлекетке қайтарыла ма, осы өзгеріс күдік тудырады», – дейді депутат Омархан Өксікбаев.

Сонымен қатар депутаттар бір күндік фирмалар жеңілдетілген схеманы өз мүддесіне пайдалануы мүмкін дейді. Әдетте оларды ақшаны шешіп алу үшін құрып, артынша жауып тастайды.

Сондай-ақ, керісінше, есепті таза жүргізетін, алайда тендер бойынша атақраған жұмысы үшін ақша ала алмай, төлем жүргізу қабілетін жоғалтатын компаниялар да бар. Депутаттар мемлекеттік органдар қаржы аударуды ұзаққа созатын жағдайлар бар екенін айтып отыр. Бұл ретте шенеуніктердің банкроттыққа жеткізгені үшін жауапкершілігін көрсету керек, дейді мәжілісмендер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау