Қазақстанда балалардың мектепке бармауына заңды түрде рұқсат беру ұсынылды

Қазақстанда денсаулығына байланысты үйінен білім алатын 5 мыңға жуық оқушы бар. Олар да өзге оқушылармен қатар ҰБТ тапсырады. Десе де мұндай оқушылармен қатар «хоумскулерлер», яғни классикалық білім беруден бас тартатын адамдар пайда болды. Ендігі олар балаларға мектепке бармауды заңды тұрғыда рұқсат етуді ұсынып отыр.

Қазақстанда балаларға мектепке бармауға заңды түрде рұқсат беру ұсынылды

Бұл туралы Алматы арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Биология пәнінен сабақ беретін Светлана Сергеевна мектептегі сабағынан кейін оқушысы Даниярдың үйіне барып, оқытады. Данияр Мерекенің мектепке бармағанына 2 жыл болған. Ол сан мойнының остеохондрозы дертіне шалдыққан.

«1-4 сынып аралығындағы оқушыларын мұғалімдер аптасына 8 сағат үлеріне барып оқытады. Ал 5-10 сынып аралығындағы оқушылар үшін бұл көрсеткіш 10 сағатты, 9-10 сынып оқушылары үшін 12 сағатты құрайды», – дейді Алматыдағы №79 гимназияның директоры Раиса Цай.

Алайда денсаулығына байланысты мектепке бара алмайтын оқушылармен қатар, баласы сау бола тұра үйден білім беруді жөн көретін ата-аналар бар.

«Қазіргі білім беру жүйесі балаларды индустриалды қоғамға дайындайды. Бұл мүлдем басқа қажеттілік. Заманауи мектеп балаларды алдағы, яғни мүлдем басқа күнге дайындауы тиіс. Онда креативті ойлау, жинақылық қажет. Қазірігі уақытта кез-келген ақпаратты табу оңай. Балаларға ақпаратты жадында сақтауды емес, ақпарат айдынында адаспауды, рас пен өтірікті ажыратуды үйрету керек. Өкінішке орай, заманауи мектеп мұны бере алмайды. Ол алдыңғы күнмен өмір сүруге үйретеді», – дейді ата-аналар бастамасының өкілі  Светлана Друзь.

Ата-аналар қоғамы бұл мәселе жөнінде бірнеше рет білім министрлігіне жүгініп, отбасылық білім беруді заңдастыруды сұраған. Алайда еліміздегі 7-19 жас аралығындағы барлық дерлік бала мектепте білім алады.

«Халықаралық тәжірибені қарастырсақ, шетелде балалар үй жағдайында оқи алады. Бұл ата-аналарының қалауы. Олар мұғалім жалдап, балаларын үйде оқытып, мұнан кейін емтихан тапсырады. Қазақстанда бұл ережеленбеген. Сондықтан бүгінде балалар үйден оқи алады. Алайда ол үшін жергілікті атқарушы органдарға бару керек, бұл әрекеттердің барлығын білім басқармасымен келісу қажет», – дейді БҒМ Инклюзивті және арнайы білім беру басқармасының бас сарапшысы Ардақ Айтжанова.

Ал Кузиндер отбасы баласын үйден оқытып, өз құқықтарын қорғап шықты. Юрий мен әйелі Светлана мұғалімдермен соттасқан. Алайда сот істі тоқтатып, мұғалімдерге ата-ананың талабымен келісуге тура келді. Рада соңғы 2 жыл бойы әр аптаның соңында үй тапсырмасы, бақылау жұмыстары мен диктантты мектепке апарып өткізеді. Бұл отбасыда 5 бала бар. Олардың үшеуі – мектеп жасына дейінгі балалар. Олар қазір балабақшаға бармайды. Оның орнына Үндістан, Непалда саяхаттайды. Мысалға, қазіргі уақытта ШҚО-да альпинизмді үйреніп жүр.

«Бастапқыда мектеп қалай ұйымдастырылды? Балаға жазу, оқу, санауды, яғни сауаттылыққа үйретуі тиіс еді. Алайда қазіргі уақытта балалар мұның бәрін мектепке біліп барады. Мектепте оқытылатын пәндерді оқушы мектеп бітіргеннен кейін ұмытып қалады. Біздің үлкен қызымыз Рада музыка мектебіне барады. Ол жерде 7 жасынан бастап скрипкада ойнауды үйренеді. Ал мектепте географияны оқиды. Одан не шығады? Ол георграфияны меңгере ме? Егер адам қызықса, түрлі энциклопедиядан, ғаламтордан өзі-ақ тауып алады», – дейді Юрий Кузин.

Айта кетсек, үйден білім алу Канада, Ұлыбритания, Австралия және АҚШ-та кеңінен танымал. Мысалы, Америкада 1,5 миллион бала мектепке бармай, үйден білім алады. Мұндай оқушылар оқу мен математикадан өз қатарластарын көш ілгері көрінеді. Ал Германия мен Швецияда үйден білім алуға заңмен тыйым салынған.

Ендігі қазақстандық оқушылардың тағдыры олардың ата-анасынан байланысты. Өз кезегінде білім министрлігіндегілер олармен тілдесуге дайынбыз дейді.

Оқи отырыңыз:

БҚО-да мектеп оқушысы суға батып бара жатқан 3 жасар баланы құтқарып қалды

«Қазақстан аруы» байқауда ұтып алған ақшасын жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға берді (фото, видео)

Елімізде қабірге биік құлпытас пен зәулім кесене орнатуға тыйым салынды

Қызылордада марқұм Батырхан Шүкеновтің туған күніне орай ескерткіш орнатылды (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар