Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ажырасу көрсеткіші азайды

Қазақстанда соңғы жеті жылда ажырасу саны көбейіп, жаңадан некелескен жұптар саны азайған. Соңғы деректер бойынша, тек 2016 жылы 51 мыңнан астам отбасылық жұп ажырасқан.

tn_225982_b75d06a6d53f

Бұл туралы “Астана” телеарнасы хабарлайды.

Жағымсыз тізімді алматылықтар бастап тұр. Олардан Астана тұрғындары да қалыспайды. Жұмыссыздық пен ішкілік салдарынан 80 пайыз отбасы ажырасқан. Мамандар некені қандай жағдай болмасын сақтап қалуға болады. Ол үшін ресми түрде неке қидырмас бұрын псхиологқа барып кеңес алатын шетел тәжірибесін енгізу керек дейді.

Астана тұрғыны Гүлсімнің күйеуі жеті жыл уақыттан бері жұмыс істемей, әбден автомат ойындарын ермек етіп алыпты. 10 жыл бұрын жұптасқан отбасында қазір үш бала бар. Айтуынша, алғаш рет 30 мың теңге ұтылған кезден бастап осы ойынның тәуелділігіне түскен. Содан кейін көлігін де сатып, түскен ақшаны құмар ойынға салған. Тіпті кейін несиенің де шырмауына түсіп, құрық бойламас қарыздар әлеміне еніп кеткен.

“Қазір біздің қарызымыз 3 миллион теңгеден асып кетті. Кейде үйде нан болмай қалатын да кездер болады. Шыдамның да шегі бар. Ажырасуға дайынмын”, – дейді ол.

Автоматты ойын құрылғылары интернет-дүкен арқылы бүркемеленіпті. Гүлсім сан мәрте құқық қорғау органдарына хабарласып, осы ғимаратты тексерулерін сұраған. Алайда еш нәтиже болмапты.

Ал Шымкентте арамтамақтықпен күрес басталып кеткен. Полицейлерге көмектесетін жастар тәжірибесіне 280 жұмыссыз азамат тартылыпты. Жалақы – 50 000 теңге. Көмекшінің жасы 29-дан аспауы тиіс.

“Барлығын мейлінше жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Бұдан бөлек облыстық прокуратура тарапынан қоғамдық көмекші болып жүріп көзге түскендерді келешекте полиция қатарына алуды да жоспарлап отырмыз”, – дейді ОҚО прокуратура басқармасы аға прокуроры Талған Монтаев.

Әділет министрлігі және статистика комитетінің мәліметінше, 2016 жылы 140 840 жұп үйленіп, 51 775 отбасы ажырасқан. Ал 2015 жылы 148 769 жұп некеге тұрса, олардың 53 293-і ажырасып кеткен.

Өңірлер бойынша ең аз ажырасу Маңғыстау облысында тіркелген.

“Европаның және Азияның көптеген елдері мемлекеттік деңгейде міндеттеген: жұптар үйленбес бұрын отбасының не екенін ұғындыратын шағын курсқа баруы тиіс. Адамдар тек жұмыс тұрғысынан ажыраспайды, оған көптеген психологиялық факторлар да себеп болады”, – дейді психолог Марина Пашковская.

Министрлік берген мәлімет бойынша қарасақ, 2016 жылы елімізде әр күн сайын 385 жұп бөлек кеткен. Ал бір жыл бұрын біз ажырасу көрсеткіші бойынша әлемнің алдыңғы ондығына кіретінбіз. Ал егер 2007-2015 жылдар аралығын байқасақ ажырасу тұрақты түрде өсіп отырған, ал 2016 жылы қайта бәсеңсіген.

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысында жоғалып кеткен оқушы қыз Шымкенттен табылды

Алматыда жоғалып кеткен 11 жастағы бала өлі күйінде табылды

Шымкентте сәбиімен бірге жоғалып кеткен жас ана Алматыдан табылды

Сатушы менеджер дәретханаға барған клиент қызды жасырын бейнетаспаға түсіріп алған

Талқылау