Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда әйелдер күйеулеріне секс-қуыршақтарын өздері алып беретін болған

Бұрындары қоғамда секс-шоп дүкендерінің тауарларын тек есінен алжасқан адамдар қолданады деген түсінік болатын. Бірақ, қазір бұл пікір айтарлықтай өзгерген. Әсіресе, әйелдер жағы ұят дегенді жылы жауып, осындай заттарға қызуғушылақ таныта бастады.

o_749544

Сурет: blackpost.livejournal.com 

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Өйткені олар күйеуі оған опасыздақ жасап қоя ма деп қауіптеніп жүргеннен гөрі, ол іс-сапарға кеткенде чемоданына жыныстық қатынас құралдарын өздері салып бергенді жөн көреді.

Содан болар қазақстандық әйелдер секс-шоп дүкендеріне еркін кіріп, сатушылармен сол тұрғыда ойын ашық айтып сөйлесетін болған. Ал, ер адамдар өздері секс-дүкендеріне барғаннан гөрі тапсырыс береді екен.

Осындай дүкендердің бірінің сатушысы Ирина Прохорова сатып алушылардың қандай интимді заттарға көп тапсырыс беретіндерін айтып берді.

-«Сатып алушылар әдетте насос арқылы үрлейтін қуыршақтарды көптеп алады. Және шын қызға ұқсайтын, жасанды силиконды төсі мен жыныс мүшесі барларына қызуғушылық танытады. Мұндай қуыршақтармен бірге қызығушылығыңызды оятатан көйлегі мен мүшеқаптар сатылады. Оның бағасы 700 доллар көлемінде», – дейді ол.

Павлодарлықтар полицей әйелдер кейпіндегі қуыршақтарды таңдаса, ақтөбеліктер пагон таққандарын, ұшқыш не түрме бақылаушысы түріндегілерді қалайды екен. Астаналықтар медбике не қызмет көрсетуші қуыршақтарды көптеп таңдайды. Ал, монах әйел түріндегі қуыршақтарға сұраныс мүлде аз көрінеді.

Бірде Халықаралық 8 наурыз мейрамы қарсаңында ер адам келіп 14 вибратор алып кеткен. Ол қарамағындағы тұрмысқа шықпаған әйел қызметшілеріне осындай сыйлық жасауды жөн көріпті. Ол оқиғаның соңы немен аяқталғанын білмеймін. Қызметшілері мұндай сыйлыққа түсіністікпен қараған шығар, болмаса намысына тигені үшін жұмыстан кетуге арыз жазған да болар», – деп сатушы есінде қалған кейбір клиенттері жайлы айтып өтті.

Татьяна Аладьина

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында ұрылар секс-шоп дүкенінен бірталай затты қолды қылған

Мәскеуде секс-шоп дүкенін тонап, сатушысын зорлап кеткен ұрлықшы ұсталды

Алматыдағы секс-шоптардың бірінен үш қапшық фаллоимитатор ұрланды

Талқылау