Қазақстанда әр үйдің өз сайты ашылмақ
“Қазпочта” мемлекеттік почта операторы әр ғимараттың жеке-жеке сайтын ашпақ.
Сурет radiotochka.kz
Бұл туралы компанияның Фейсбуктағы парақшасында жарияланды.
Тұрғын үйлердің, ғимараттардың сайттары https://ғимараттың жаңа индексі. post.kz жаңа почталық индексі негізінде жарияланбақ. Бұл ресурс арқылы тұрғындар қызмет көрсетуші ұйымдардың байланыс мәліметтерін біліп, сондай-ақ, атқарушы билік органдарына электронды хабарламалар жібере алады.
Сайтқа кіру мүмкіндігіне тұрғындар порталдағы операторға үй мекен-жайын айту арқылы қол жеткізе алады. Арнайы сілтеме бойынша үйдің сайтына тіркеу жасайды. “Қазпочта” бұл жобаның ірі құрылыс компаниясы BI Group-пен бірге жүзеге асырылып жатқанын да атап өтті.
Талқылау