Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет бизнес жайлы реалити-шоу өткізілмек

15 қазаннан бастап Қазақстанда «Основатели» реалити-шоуына қатысуға өтініштер қабылдана бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚР ақпарат және байланыс министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстанда алғаш рет бизнес жайлы реалити-шоу өткізілмек

Жобаның мақсаты – Қазақстан жастарын кәсіпкерлікті қалай бастайтынын хабардар етіп, олардың бизнеске деген қызығушылық деңгейін арттыру арқылы елімізде шағын және орта бизнес сегментінің дамуына алғышарттар жасау.

Бұл бағдарламаға 18 жастан 25 жасқа дейінгі кез-келген адам қатыса алады. Ол үшін 2018 жылдың 15 желтоқсанына дейін osnovateli.kz жобасының ресми сайтында өтінім беру қажет.

Іріктеу қорытындысы бойынша келешегі бар деген 21 ең жақсы бизнес-жобалар анықталатын болады. Олардың авторлары бір айы бойы ТМД аумағындағы ең мықты бизнес-тренерлерден дәріс алады. Сондай-ақ, ірі қазақстандық кәсіпкерлердің қамқорлығымен конкурстың қазылар алқасының іріктеуінен өту үшін қорғауға арналған жобаларын дайындайды. Қазылар алқасы ең тиімді деген үш жобаны таңдап алады. Ал бірінші, екінші және үшінші орын алған жобаның авторлары тиісінше 10, 5 және 3 миллион теңге жүлде алады», – делінген хабарламада.

Көрермендер жобаларды дайындау мен қорғаудың бүкіл процесін жобаның YouTube арнасындағы ресми арнасынан көре алады.

«Основатели» жобасы толықтай жекеменшік және мемлекеттік ұйымдарға ешқандай қатысы болмағанымен, оны ҚР ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев қолдады.

«Бизнес – кез-келген экономиканың негізі. Себебі ол халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етеді, ал кәсіпкерлер орта таптың негізін құрайды. Бүгінгі таңда Қазақстанда бизнесті қолдауға үлкен күш жұмсалады», – деп атап өтті ҚР ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев.

Министр бұл жобаның табысқа жетуді көздеген қазақстандықтар үшін жақсы бастама болатынына сенім білдірді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау