Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет әскери мекемені әйел адам басқарады

Подполковник Гаухар Сырлыбаева Алматыдағы аудандық әскери комессариатты басқаратын болды.

12732238

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлады.

“Қазақстан егемендік алғалы бері тұңғыш рет жергілікті әскери органның басшысы болып офицер-әйел тағайындалды. Ол Алматы қаласы Алатау аудандық қорғаныс ісі басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды”, – деп хабарлады Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі.

Мекеме мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстан әскерінің қатарында 8 мыңға жуық әйел бар. 880 азаматша офицерлік құрамдағы әскери атақтарға ие болды, олардың ішінде 15 полковник, 41 подполковник, 134 майор және 690 әйел кіші офицерлік құрамдағы атақтарға ие.

Қазақстан әскерінің құрамында мейірбике, байланыс, іс жүргізу мамандарынан бөлек снайпер, барлаушы және планшетші әйелдер бар.

Сондай-ақ, 2017 жылы Қазақстанда халықаралық әскери ойындардың қатарына басқа сайыс түрлерінен бөлек, арнайы әскери-әйелдер үшін спорттың көпсайыс түрі енгізілмек.

Жіберіп алмаңыз: 

23 жастағы қазақ қызы әскери ұшақты басқарып жүр (фото)

Түркияда мемлекеттік әскери төңкеріс әрекеті кезінде 50-ден астам адам қайтыс болды

ҚР ІІМ: Алматыда лаңкестің бесінші құрбаны Шекара қызметінің әскери қызметшісі болды

Қорғаныс министрлігі Қапшағайдағы әскери бөлімге шабуыл жасалғанын жоққа шығарды

Талқылау