Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ақылы бөлімге тапсыратын талапкерлер ҰБТ тапсырмауы мүмкін

ҚР Білім және ғылым министрлігі ЖОО-ның ақылы бөліміне тапсыратын талапкерлердің ҰБТ тапсырмауын талқылауда. Алдағы уақытта ақылы түрде оқитындар ҰБТ-ның орнына емтихан тапсыруы мүмкін, деп хабарлады 24.kz.

ENT

Фото: www.chem-astu.ru

Министрлік білім беру жүйесінде бірқатар өзгерістердің орын алатынын мәлімдеді. Атап айтсақ, ұлттық және мемлекеттік университеттер ақырындап коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға айналады. Осылайша оқу орындары нарық сұранысына орай өзіндік білім беру бағдарламаларын жасақтауы тиіс. Бұл қадам маман даярлаудың сапасын арттырады деп күтілуде. Одан бөлек, оқу орындары жыл сайын ел алдында атқарған жұмыстары туралы есеп беретін болады.

“Дербес болатын ЖОО-ларды біз үш категорияға бөліп қарастыруымыз керек. Олар – академиялық, басқарушылық және қаржылық тәуелсіздік. Басқарушылық дербестігі – еншілес компаниялар құруға мүмкіндік береді. Анығында, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін коммерциялауға жол ашады. Ол шетелдерде студенттерді қабылдау орталықтарын ашу мүмкіндігі», – дейді ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру департаментінің басшысы Дархан Ахмед-Заки.

Айта кетейік, бұдан бұрын Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҰБТ-2017-да орын алатын өзгерістер туралы айтқан болатын.

Жіберіп алмаңыз: 

Назарбаева: 2017 жылы дәстүрлі ҰБТ тапсыруды тоқтатамыз

Сапарбаев ҰБТ-дан төмен нәтиже көрсеткен мектептерді жабуды ұсынды

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған түлек өзіне қол салды

Елімізде бір мектеп бітіруші ҰБТ-дан нөл балл алған

Талқылау