Қазақстанда 597 жезөкше Назарбаевқа ашық хат жолдады

Сенбі, 14 Мамыр , 2016 18:16

Мемлекет басшысынан бастап, Премьер-министр, Бас прокурор, депутаттар мен халықаралық ұйымдардың атына бағытталған хат жарияланды.

image

Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды.

Жезөкшелердің атынан жазылған хатқа 597 тәнін саудалаушы қол қойып, лауазымды тұлғалардан өздерінің жағдайына байланысты көмек көрсетуді сұрған.

Хат жазған тарап қазіргі дағдарыс заманында өздеріне де оңайшылықпен күнкөру мүмкін болмай отырғанын алға тартады. “Бізге қарай тас лақтыра беретін дәурен өтті. Біз де мұнай бағасынының құлағанын сіздер секілді жақсы білеміз. Ақылы жыныстық қызмет көрсетудің нарығы әлсіреді. Клиенттеріміздің жағдайы жақсы емес”, – деп мұң шағады жезөкшелер  Yvision.kz сайтында жарияланған хаттарында.

Олардың хаттарында өздерінің құқықтары қорғалмай отырғандығын, одан басқа жеңгетайлар сауна, қонақүй, сұлулық салондарының иелері және полициямен бірге қойылған бағасы тым қымбатқа түсетіндігін де тиек еткен. “Біз Еңбек кодексін қазір қайта қарайтын сәт келді деп санаймыз. Соған қарамастан ол тақырып әзірге жабық күйінде” деп шағым білдірген.

597 адам қол қойып, үш бу хат қылып жолдағандар шетелде жасалған жағдайды мысалға келтіреді. Тіпті, әрісі Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген қыздардың өзара бәсекелестік тудырып жатқанын тілге тиек еткен.


Оқи отырыңыз:

Алматыда жас жігіт танысын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Ресейде 17 жезөкшені өлтірді деген күдікпен 51 жастағы азамат ұсталды

Полицейлерге ақша береміз деген шымкенттік жезөкше жайлы жаңа деректер

Көкшетауда үш баланың анасы ауылдан келген қызды жезөкшелікке итермелеген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар