Көкшетауда үш баланың анасы ауылдан келген қызды жезөкшелікке итермелеген

Сейсенбі, 19 Сәуір , 2016 11:10

Көкшетау тұрғыны пәтерінде қыз ұстап, оны сексуальдық қызмет ұсынуға мәжбүр еткен.

1435942253d8kw6

Сурет today.kz

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

2015 жылдың қазан айында 1981 жылы туған әйел ауылдан келген таныс қызға, өзінің досымен жыныстық қатынасқа түсуді ұсынады. Алайда қыз қарсылық білдіреді. Мұнысы ашуына тиген әйел қыздың құжаттарын, ұялы телефонын тартып алып, әбден есінен танғанша ұрғылайды. Келісімін бермегенінен қырсығып, күштеп пәтерінде ұстаған.

Мас болып қалған қожайын ұйықтаған кезде, зардап шегуші қыз ұялы телефонын алып анасына қоңырау шалады. Таңертең пәтерге полиция сау ете түседі. Сараптама көрсеткендей, қыздың денесінде жарақаттар болған.

Көкшетау қалалық соты әйелді ҚР ҚК 126 бабы бойынша айыпты деп тапты. Бұрын да сотталған әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылып жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды. Сотталушының үш баласы әлеуметтік қызмет өкілдігіне берілді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы Ақмола облыстық сотына қайта шағым түсірді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар