Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Демалыс 4 мамырдан 8 мамырға ауыстырылды: Қазақстандықтар келер айда қанша күн демалады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі демалыс күні 4 мамырдан 8 мамырға ауыстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Еңбек министрлігі демалыс күнін 2024 жылғы 4 мамырдағы сенбіден 2024 жылғы 8 мамыр сәрсенбіге ауыстыру туралы бұйрықты бекітті.



Бұл жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында жасалған.

Осылайша қазақстандықтар 7, 8 және 9 мамырда қатарынан демалады. Ал сенбі 4 мамыр жұмыс күні болады.

Еске салсақ, бұған дейін үкімет қазақстандықтардың мамыр айындағы демалысын ұзарту үшін демалыс күнін кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген едік. 

Талқылау