Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2015 жылдың ең әдемі келіншегі анықталды

Степногорск қаласының тұрғыны Алма Даниярова 2015 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі тұрмысқа шыққан ең әдемі әйел атағына ие болды. Оған арнайы тәж табыс етіліп, 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы да берілмек.

2bdc670f2de8e6cb57ccfb8060983030

Суреттер miss.kz сайтынан алынды

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Барлық үміткерлер де Гран-приге сай болғанымен, солардың арасынан Алма оза шапты. Ол жап-жасыл көздерімен, сәнді дене тұрқымен таң қалдырады. Жанына спортты серік етіп, баскетболмен айналысады. Әркез адамдардың адалдығы мен адамгершілігін бағалап, бос уақытын отбасына, ұлына арнайды. Алма әзілдеп, ең басты арманым – жақсылап ұйықтау, дейді. Ал шын мәнінде – әлемнің көптеген елдеріне аяқ басуды арман етеді.

«Missis.kz-2015» конкурсы аяқталғанымен, қаңтар айында жаңа маусымы шымылдық түрді. Үй ханымдарына Алма сияқты жетістікке жетуге тағы да үлкен мүмкіндік туып тұр деген сөз.

«Missis.kz» республикалық байқауына тек күйеуге шыққан әйелдер ғана қатыса алады. Ол үшін жобаның сайтына жақсы фотосурет пен анкета толтырып жіберу керек. Тіркелу тегін. Халықтық дауыс берудің қорытындысы бойынша әр ай сайын финалистер анықталып отырады. Ең үздік делінген 12 қатысушы ең басты тәж үшін, сайысқа түседі.

4d278f08fd58c82f0d1ec83b09056cda

Талқылау