Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 10 тамыздан бастап қызметкерлердің вакцина алған-алмағаны тексеріледі

10 тамыздан бастап ел өңірлерінде жұмыскерлердің коронавирусқа қарсы вакцинаны алғаны, не алмағаны жөнінде мәліметтер тексеріле бастайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

15 шілдеде ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шыққан болатын. Онда міндетті вакциналау белгіленген ұйымдардың тізімі мен екпе жүргізу мерзімі бекітілген еді.

Атап айтқанда, қаулыда ұйымдар қызметкерлері вакцинаның бірінші компонентін 2021 жылдың 10 тамызына дейін, екінші компонентін 1 қыркүйекке дейін алып бітуі тиістігі айтылған. Сонда ғана олар штаттық режимде жұмысқа жіберіледі.

Вакцинацияланбаған қызметкерлерді жұмысқа кіргізген кәсіпкерлерге айыппұл салынады:

- жеке тұлғалар - бес АЕК мөлшерінде (14 585 теңге);

- лауазымды тұлғалар - 15 АЕК мөлшерінде (43 755 теңге);

- шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдар - 100 АЕК мөлшерінде (291 700 теңге);

- орта бизнес - 200 АЕК (583 400 теңге) мөлшерінде;

- ірі кәсіпкерлік субъектілері - 500 АЕК көлемінде "(1 458 500 теңге);

Жазада кәсіпкерлердің қызметін тоқтатуға да қарастырылған. 



Қызметкерлері вакцинаны міндетті түрде алуы тиіс мекемелер:

1. Қызмет көрсету объектілері:

- Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендерінің, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер.

2. Сауда объектілері:

- Сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер.

3. Мәдениет және демалыс объектілері:

- Музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары.

4. Қонақүй қызметі:

- Қонақүйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар.

5. Жолаушылар тасымалы:

- Әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пунктері.

6. Білім беру және тәрбиелеу ұйымдары:

- Мектептер мен балабақшалар, ересектер мен балаларға арналған оқу-өндірістік комбинаттары, басқа да мектептен тыс ұйымдар.

7. Санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілер:

- Санаторилер, демалыс үйлері /базалары/ аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар.

8. Қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілер, стрит-фудтар.

9. Барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілер: қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары.

10. Денсаулық сақтау ұйымдары: оның ішінде зертханалар, дәріхана ұйымдары.

11. Тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілері:

- Сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу ұйымдары, авариялық-құтқару қызметтері, пәтер иелері кооперативтері және мүлік иелерінің бірлестіктері.

11. Экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар:

- Демалыс объектілерінің, ойын-сауық ойын объектілерінің (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар.

12. Байланыс және телекоммуникация объектілері.

Талқылау