Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бойжеткендер ота арқылы бірнеше рет қыздық перде салғызатын болған

Қазақстанның әр қаласындағы қыздар пәктігін саудаға салып, ол үшін миллиондап ақша сұрайды.

600x410_0_06c2ccda88ecf0ccb9702f5353e6ea94@800x546_0x59f91261_3842947661394185941

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қыздар ақшаға мұқтаж болғандықтан немесе жеке мәселесі болғандықтан осындай әрекетке баратындарын айтады.

Мұнымен қатар хирургтерге келіп, қыздық перде салғызатындар саны да артып келеді.

Гименопластика деп аталатын қыздық перде салу отасының құны
20 мың теңгеден басталады. Дәрігерлер қыздардың көп жағдайда күйеуі үшін немесе сүйікті жігіті үшін қыздық перде салғызатындарын айтады. Қыздардың кейбірі бірнеше рет те жасата береді екен.

Қысқа мерзімді қыздық бір аптаға шыдайды. Ұзақ мерзімдісі үш қабатты, күрделі болып келеді. Бағасы да қымбат. Қыздық перде салудың бұл түрі қыздың табиғи пәктігіне ұқсас. Сондықтан оның жасанды екенін – ажырату қиын.

«Егер қыздар қандай да бір себеппен пәктігіне айырылып қалса, отбасын құру үшін «қыздық» жасатады, бірақ болашақ жарын бұлай алдаудың керегі жоқ», – дейді акушер-гинеколог Жанар Идырова.

Оңтүстік облыстарда қыздарды пәк күйінде тұрмысқа алу дәстүрі қалыптасқан. Сондықтан қыздар тұрмысқа шығар алдында дәрігерге келіп, ота жасатады.

Сауалнамадан:

-Ондай қыздарды ұят деген жоқ. Қыздар өзін ерекше қылып көрсеткісі келіп, қысқа киімдер киеді.

– Мен акушер-гинеколог ретінде мұндай жағдайды көп көріп келемін. Әр қызға ота жасатпауын айтамын. Мұның бәрі қаталдықтың жоқтығынын, жеңіл өмірің кесірінен деп ойлаймын.

Ал, пәк қыздар «қыздығын» сатуғадайын тұрады. 18 жастағы румын моделі Александра Хефрен пәктігін аукционға қойып, оны 2,5 млн долларға сатып алған. Бойжеткен қаржының жартысын қайырымдылыққа жұмсауға уәде берді. Пәктігін сатушы қыздар ақшаның туыстарына немесе жағдайы нашар адамдарға беретінін айтады.

Көп қыздар пәктігімен қоса ішкі сұлулығын да жоғалтатын секілді. Өйткені, жандүниең сұлу болу үшін ота жасата алмайсың. Қоғамдағы мұндай мәселелердің алдын алу үшін тәрбие жайында сағаттап сөйлеп немесе жаңа бағдарламалар енгізуге болады. Бірақ оның орнына нақты іске көшіп, шара қолданған әлдеқайда нәтижелі болар еді.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбеде 4 тәулікке жоғалып кеткен оқушы қыз пәктігінен айырылған

Қыздық пердесіз туған әйел күйеуін пәктігіне сендіре алмай қиналып жүр

Алматылық қария пәтер ақысының орнына қыздардың пәктігін алатынын айтып мақтанды

Талқылау