Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан университеттерінде мемлекеттік диплом берілмейтін болды

2021 жылдан бастап Қазақстандағы барлық жоғары оқу орындары мемлекеттік үлгідегі дипломдарды бермейді. Әр университет өзінше диплом үлгісін дайындап шықпақ.

10606-8

Сурет time.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігі осы шараны қабылдау арқылы, түлектердің білім сапасына қатысты оқу ордаларының жауапкершілігін арттыра түсуді көздеп отыр екен.

Әсіресе, 2017 жылдан бастап оқу орнын тәмамдаушы студенттерге үлкен жауапкершілік жүктеле бастамақ. Бұл бітірушілер дәстүрлі дипломды ала алмайтын түлектердің алғашқы легі болмақ. Бұл арада 2017 жылдан бастап мемлекеттік органдар жоғары оқу орындардағы оқу процесін де доғаратын бола ма деген сауал да туындайды.

“Бақылау тоқтатылмайды. Негізі оқу жоспары солай қала береді. Жалпы білім стандартына ешкім де тиіспейді. Жоғары оқу орындары бұрынғыдай өзіндік таңдаулары негізінде оқыта береді”, – дейді ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғарғы білім департаментінің бас сарапшысы Айгүл Жұмабекова.

Министрлік өкілі мемлекеттің дипломның берілмеуі университетке қандай жауапкершілік артуы мүмкін екенін де атап өтті.

“Университет бітіргеннен кейін егер сіздің балаңыз жұмыс таппаса, сіз екінші балаңызды да сол оқу орнына берер ме едіңіз? Оқу орнына түспес бұрын оның тарихымен, даму бағытымен, оқу бағдарламасымен танысып шығу керек”, – дейді бас сарапшы.

Талқылау